Ақтау қалалық перзентханасында салмағы 5 келі 800 грамм болатын қыз бала туылды,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық денсаулық басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Сәби 19 қаңтар күні дүниеге келді. Қазіргі таңда анасы екеуінің жағдайы жақсы, жуырда перзентханадан шығуға дайындалып жатыр. Шақалақ отбасындағы 5-ші бала екен. Табиғи жолмен дүниеге келді,-деп хабарлады баспасөз қызметі.