Ақтауда өткен қайырымдылық концерті көру қабілеті бұзылған жандарды қаржылай қолдау мақсатында ұйымдастырылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
- "Жаңа орта" қорымен бірлесіп "Қазақ зағиптар қоғамын" қолдауды көздей отырып қайырымдылық концертін өткіздік. Зағип, көру қабілеті нашарлаған жандар сырт әлемді, құбылысты сан алуан дыбыстар, музыка ырғағы арқылы сезінеді. Сондықтан біз зағиптар қоғамы үшін музыкалық жабдықтар сатып алу мен шағын жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаражат жинаудамыз. Әрбір жанның қосқан үлесі біз үшін аса маңызды, - деді "Salam-Namaste" үнді этномәдени бірлестік төрайымы Надежда Вадодария.