©
Үргеніш форумының екінші күнінде Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов пен Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин кездесті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Қос мемлекеттің үкімет басшылары әріптестікті одан әрі дамытып, туризм және сауда-саттық саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру жайын қозғады. Ресми кездесудің соңында маңызды құжаттарға қол қойылды.
Анар Шамшадинова
Суретті түсірген Серік Майемеров
Ақтау-Қоңырат-Нөкіс-Хиуа-Үргеніш