Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов Қарақалпақстан Республикасы министрлер кеңесінің төрағасы Кахроман Сариев және Хорезм облысының әкімі Фарход Эрмоновпен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Серікбай Өтелгенұлы өз сөзінде Өзбекстан еліміздің Орталық Азиядағы маңызды серіктестерінің бірі екендігін айта келе, тақиялы ағайындардан сауда, туризм бойынша үйренеріміз көп деді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін төмен бағамен импорттауға қол жеткізуді ұйымдастырып, іргелес елдің кәсіпкерлерімен тығыз қарым-қатынас орнату қажет.
Анар Шамшадинова
Суреттерді түсірген Серік Майемеров
Ақтау-Қоңырат-Нөкіс-Хиуа-Үргеніш