"Белавиа" белоруссиялық әуетасымалдаушы компаниясы Минскіден Ақтауға тікелей рейс ашты. Бұл туралы Беларусь авиакомпаниясы өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазды.
Белоруссиялық әуетасымалдаушы компания Ақтауға жаңа тікелей рейске билет сатуды бастады. 2020 жылдың 2 маусымынан бастап Ақтау халықаралық әуежайына ұшатын рейстер сейсенбі, жұма және жексенбі күндері 22:15-те орындалады. Минскіге кері ұшу дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі күндері сағат 04:30 - да, Беларусь астанасына сағат 05:50-де жоспарланып отыр, - делінген компанияның хабарламасында.
Бір жаққа ұшу құны - 145 еуродан ("Light" тарифі), ал екі бағытқа ұшу бағасы – 240 еуродан ("Light"тарифі). Ұшу уақыты 3 сағат 20 минутты құрайды .
Суретті түсірген Талант ҚҰСАЙЫН