Oблыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Маңғыстау облысының 2020-2022 жылдарға арналған бюджеті талқыланып, депутаттар аталған мәселе бойынша ұсыныс, пікірлерін ортаға салды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық әкімдіктің келер жылдағы қаржылық жоспары, өңірдің кірісі мен шығысы, салықтық түсімдерді болжау және нақты жоспарға енгізілген жобалар жайында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаев баяндады. Мәслихат хатшысы Нури Тумышев 2019 жылдағы мәслихаттың атқарған қызметі және ұйымдастыру жұмыстары бағытында баяндады. Сонымен қатар, алқалы жиында облыстағы мемлекеттік – жекешелік әріптестік жобаларын іске асырылуының есебі тыңдалды.