Маңғыстау облысында азаматтарды күзгі мерзімді әскерге шақыру науқаны шеңберінде «Ел тірегі - 2019» Республикалық акциясы өз кезегімен өтіп жатыр. Үстіміздегі жылдың күзінде ҚР Қарулы Күштеріне басқа да әскерлері мен әскери құрылымдарына Маңғыстау облысынан жоспарға сай шақыру жоспарланған. Әскерге шақырылушылар Отан алдындағы борыштарын ҚР Қарулы Күштерінің бөлімдерінде, мемлекеттік күзет қызметінде, ҰҚК Шекара қызметінде өтеп жатыр. Акция аясында 5 желтоқсан күні Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаментінде жоспарға сай әскерге шақырылған азаматтарымызды Отан алдындағы борыштарын өтеуге салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды. Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда «Абыз Әбіш» кітабы таныстырылды Іс шараға Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті басшылары, Ауған соғысының ардагері, 5517 әскери бөлімінің өкілі және әскерге шақыртылған азаматтардыңата-аналары қатысып, өздерінің игі тілектерін жеткізді. Шара соңында әскерге шақырылған азаматтармен Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі Қарулы Күштері Ардагерлерінің Жауынгерлік Даңқ бөлмесіне экскурсия жасалды.
Салтанат Сарсенова
МО Қорғаныс істері жөніндегі Департаменті