Режиссер Жәнібек Жетіруовтың Маңғыстауда түсірілген "Шыңырау" толықметражды картинасы "Алтын қораз және жүз гүл" атты қытайлық кинофестивальде көрсетіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты brod.kz сайтына сілтеме жасап. Фильм Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" повесі негізінде түсірілген. Картина Маңғыстаудың Үстіртінде, Форт-Шевченко маңындағы Қанға ауылында және Каспий теңізінің жағалауында түсірілген. [embed]https://www.youtube.com/watch?v=Qmwq7o6nQSk[/embed] Кинофестиваль 19-23 қараша аралығында Қытайдың Сямэне қаласында өтеді. - Әбіш Кекілбаевтың "Шыңырау" повесі қазақ әдебиетінің бір шыңы. Сондықтан фильм халықаралық кинофестивальдерде сұранысқа ие. Картина бірнеше фестивальдарға қатысып үлгерді, бірақ "Алтын қораз және жүз гүл" ерекше маңызды фестивальдардың бірі. Фильм қараша айында Үндістан, Ресей және АҚШ киножобаларында ұсынылады. Фильмнің түсірілуіне атсалысқан командаға алғысымды білдіремін. Барлығыңызға рахмет!, - дейді режиссер Жәнібек Жетіруов. Картинадағы басты рөлдерді Асылхан Төлепов, Алдабек Шалбаев және Айжан Жетіру сомдаған.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="88241,88230"]