Ақтауда жаңа жылдық безендіру үшін 37 миллион теңге жұмсалмақ
[ 2019 ] 11 қараша, 12:48 | Жаңалықтар
Журналистердің есептеуінше, соңғы төрт жылда жаңа жыл қарсаңында қаланы безендіру үшін жалпы 78 миллион теңге бөлінген. Ал биыл жаңа жылдық безендірудің қаржы қоры 37 миллион теңге болмақ. Бұл туралы қалалық әкімдікте айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұл жылы құны 15 миллион теңге болатын жаңа шырша сатып алу жоспарланған. Ал ескілерінің бірі Өмірзақ ауылына беріледі.
Өткен жылы орталық шырша 15 шағын аудандағы жағалауда орнатылды. Осы жылы да басты жаңа жылдық әшекейлерді сол жерде орнату жоспарланған. Ақтау әкімдігі хабарлағандай, бұл мәселе әлі де қаралады. Себебі өткен жылы жаңа жыл мерекесін өткізу орнына тұрғындардан шағым түскен.
Осыған орай, қала әкімдігі Ақтау тұрғындары арасында орталық шыршаның қай жерде орналасқанын қалайтыны жөнінде сауалнама жүргізуді жоспарлап отыр.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ
1071
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.