Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі парақшасында жазды. "Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады. Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарлануда", делінген хабарламада.