Ағымдағы жылдың 14 қазанында өңірімізге іссапармен келген ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Арман Бердалин және республикалық арнайы мониторинг тобының мүшесі, Президенттің «Алтын сапа» сыйлығының иегері, құрмет ордені белгісінің ковалері, Ресей мемлекетінде ең алғашқы Ресей этно коуоркингін ашқан этно дизайнер Ырза Тұрсынзада және аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков Жаңаөзен қаласының мәдениет үйінде Жаңаөзен қаласының іскер, тігінші әйелдерінің ұсынысы бойынша кездесу өткізілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне МО Департаментіне сілтеме жасап. Алғашқы кіріспе сөзінде аумақтық Департамент басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков жұртышылыққа Нұрсұлтаннан келген қонақтарды таныстыра отырып, осындай бейресми форматтағы кездесулер қызмет сапасын көтеруге себеп болатындығын жеткізді. Кездесу барысында Ырза Тұрсынзада өнер жолына қалай келгенін, кәсібін қалай ашқандығын, өнерге деген сүйіспеншілігі мен қазақтың салт дәстүріне деген адалдығымен өнер жолындағы жеткен жетістіктерін айтып өтті. Ырза Тұрсынзаданың өнерге көз қарасын дәріптеген қыз келіншектер бұл шараға қазақы үлгідегі киіммен келді. Қазақы өнерді кәсіп етіп отырған іскер әйелдерге өмірден мысал келтіре отырып, осы кәсіп арқылы бүткіл қазақ әйелінің болмысы өзгеретінін айтып өтті. Сондай-ақ, осы жиынға келгендерге кәсібінің қыр сырымен бөлісіп, алдағы уақытта осындай кездесулердің жиі ұйымдастырылатынын жеткізді. Әсерлі әңгіме, келелі кездесу, еркін форматтағы сұхбат алаңымен жалғасын тапты.