©
Бүгін 1 қыркүйек - Білім күні. Еліміздің барлық мектептерінде алғашқы қоңырау соғылып, жаңа оқу жүйесі енгізіле оқу жылы басталды. Білім саласы ондағы өзгерістер туралы, білім беру ұйымдарын тікелей басқаратын білім беру бөлімінің үкімет бағдарламаларын жүзеге асырудағы жұмыстары қандай? Реформа қалай үлестірілмек? Қандай мәселе бар және қалай шешеміз, үш тілді үйрету туралы сұрақтар төңірегінде Түпқараған аудандық білім беру бөлімінің бастығы Айбаршын Өтесбаевамен сұхбат өрбіген еді.
- Айбаршын Қуанышқалиқызы, биыл Түпқараған ауданының білім саласында бірнеше алтын белгі иегерлері мен үздік аттестат иелерін түлетіп, бір қуанттыңыз! Сізді жетістіктеріңізбен құттықтай отыра, әңгімемізді ауданымыздағы білім сапасы, оқу жылының қорытындысынан бастасақ?
- Мемелекеттік деңгейде сапалы білім беру – түпқарағандық мектептердің бәріне қойылатын негізгі әрі ортақ талапты міндет. Осындай талапты оқу жылында ғана емес жалпы білім беру саласында үздіксіз бақылау мен сапаны арттыру бағытында жасалған жұмыстар негізіне сүйене айта аламыз. Кеше ғана аяқталған ҰБТ нәтижесі бойынша ауданның ортақ баллы-87,7–ні құрап, облыс көшін бастағанын өздеріңізде сүйіншілете хабарлаған болатынсыз. 7 «Алтын белгі» үміткерінің 5-і өз білімдерін дәлелдеді. Бітірген 187 тұлектің 16 түлегі халықаралық ғылыми жоба жеңімпаздары ретінде ҰБТ-ден босатылды. 144 түлек тестке қатысты. Мектеп бітірушілердің 77 пайызы тестке қатысып, жоғарғы пайыз көрсетуі әрине, мектеп ұжымы мен ұстаздардың, үйде ата-ананың тынымсыз еңбегінің жемісі. Сапалы білім – бала болашағындағы бастаулармен жетістіктердің кепілдігі деп білемін.
- Сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуде біздің ауданның ерекшелігі неде?
- Оқытудың жаңа технологияларын енгізу және тиімді пайдалану, бірыңғай білім беру ақапарттық ортаны қалыптастыру бағытында аз жұмыстар жасалып жатырған жоқ. Ең басты ерекшелігі – ауданымызда өзге аудандарда жоқ «Дарын» қосымша білім беру орталығының қызмет етуі. 2011 жылы құрылған бұл орталық аудандағы барлық мектептен тыс оқу-тәрбиелік жұмыстарды, түрлі бағыттағы сайыстарды, пәндік олимпиадаларды, ғылыми жобалар жарыстарын ұйымдастыруды, «Алтын белгіге», «Үздік аттестатқа» үміткерді ҰБТ-ге сапалы дайындауды, жалпы білім сапсын арттыруды жүзеге асыруды қолға алып отыр. Бүгінгі таңда 2800 –дей дарынды оқушының базалық мәліметі жинақталған. Соңғы үш жылда 32 оқушы Астанада, Алматыда, Көкшетауда өткен республикалық ғылыми жобалар сайысында жеңіске жетсе, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 8 ғана мектебі бар ауданнан 7 жүлдегер шығып, 1 оқушы Президенттік олимпиада жүлдегері болуы дегеніңіз – үлкен жетістік. Одан бөлек 2014 жылдың қарашасында үш ауысымды мектепті жою мақсатында ашылған Ақшұқыр ауылында ораналасқан мектептің 2015 жылғы республикалық пәндік олимпиадада «Үздік ауыл мектебі» атануы-аудандағы білім сапасының қолжетімділігі мен дұрыс жолға қойылғандығының дәлелі.
- Жаңа мектеп демекші, бүгін жаңа мектеп оқушыларды қабылдады. Бұл мектептің жатақханасы мен керек-жарағы, құрал-сайманы сақадай әрі су жаңа. Өзіміз көргендей жылыжай кешендері де бар екен? Осы мектептің бағыты мен жаңалығы не болмақ?
- Біріншіден үш ауысымды оқуды жою. Өзіңіз білетін қала басындағы жалғыз Есбол Өмірбаев атындағы орта мектептің бала саны екі есе артық болса, аудандағы жалғыз орыс мектеп – Максим Горький атындағы мектеп –лицейде бала көптігінен бос кабинет болмауы білім сапасына әсер ететіні белгілі. Осы аталған мәселелерді шешетініміз өз алдына. Бүгін өзінің оқушыларын Форт-Шевченко қаласының мектеп-лицейі болып ашылған жаңа мектебіміз қабылдап, жұмысты бастады. Бұл мектепке ұстаздық тәжірибесі ғана емес заман көшіне ілесе алатын жаңашылдығы ескеріле Тәшімбет Мұратбек Батырбекұлы директор қызметіне шақырылған болатын. Жаңа типтегі ғимаратта бар мүмкіндікті ескере отыра, әр баланың білімін ұштауға біріншіден тікелей мектеп директорының ұйымдастыру жұмысының жүгі артылатыны белгілі. Сондықтан бұл мектепке директор таңдау мен тағайындауда осы алғышарттар ескерілді. Екіншіден – жатақханасын тиімді пайдалану, құрылысын мердігерге салдырып алып, бос ұстау емес, оны кәдеге жаратуды, әсіресе халық игілігіне шешуді көздеп дәл осы мектептің жанынан «Ақкетік» атты шағын бөбекжәй орталығын ашу туралы да ұсыныс айтып жүрміз. Себебі, бүгінгі таңда балабақша қамтылуы бойынша мектепке дейінгі тәрбие негізінде бізде бір ғана бөбекжәйы бар «Балбөбек» ғана болса, 0 мен 2 жас аралығындағы бөбектер үшін ата-аналар тарапынан ұсыныс бар, сұраныс көп болып отыр.
- Демек, бізде 3 пен 6 жас аралығы қамтылуы жоғары да, негізгі сұраныс – 0 мен 2 жас аралығындағы балалар үшін бе? Мектепке дейінгі тәрбие бағытындағы жұмыстар қалай үйлестірілуде, нендей жаңалықтарыңыз бар деген заңды сұрақ туындап отыр?
- Мемлекеттік бағдарламалардың негізгі индикаторларының бірі – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту деп елбасымыздан бастап айтудайын айтып жатырмыз. Енді жұмыс жүзінде қалай деген сауал туындайды. Балаларға мектепке дейінгі тәрбие беру мен білім берудің негізгі нысаны, үздіксіз білім беру. Соның алғашқы баспалдағы -балабақша. Бүгінгі таңда Түпқараған ауданы бойынша 1-6 жас аралығындағы балаларды балабқшамен қамту 63,3 пайыз, 3-6 жас аралығын қамту -94,8 пайызды құрайды.
Бір ақаланың өзінде балабқша кезегінде 284 бала тұрса, оның ішінде – 3пен 6 жас аралығында - 10 бала, қалған кезек күтуші 274 бала 3 жасқа дейінгі бөбектер. Сондықтан сұраныс бар жерде, оны орындау үшін жұмыстар да жүргізіліп жатыр. Жоғарыда атап кеткен «Ақкетік» бөбекжәйы да осы мәселені шешуді көздейді.
Аудан әкімімімен бірлесе тағы бір жаңа жұмыс жасап жатқан жайымыз бар. Бүгінгі таңдағы дағдарыс пен жұмыссыздық сияқты қиындықтар салдарынан балаларын балабақшадан шығарып алып, немесе балабақшаға беруден мүлдем бас тартып жатқандары бар. Мұның бәрі әлеуметтік жағдаймен байланысты немесе бала үйінде әжесінің бағынында, қарауында болуы мүмкін. Сондықтан да, олар кезекке тұруды қажеттілік деп санамайды. Алайда, баланы ерте жастан оқыту мен тәрбиелеу қағидаттарына сүйене, балабақша кезегіне тұрмаған балалар тізімін аудан бойынша жасақтап жатырмыз. Бүгінгі күнге аудан бойынша осындай кезете яғни тізімде жоқ 689 бала 0 мен 6 жас аралығындағы мектеп жасына дейінгі бала белгілі болды. Біз бұл балаларды да назардан тыс қалдырмай мүмкіндігімізше оқытуды, ерте жастан дамытуды көздеп жарты күн режиімінде әр ауылдан да топ ашуды қарастырудамыз. Әзірге аудан орталығы Форт-Шевченко қаласында жаңадан ашылған 140 орындық «Алпамыс» балабақашсы қазіргі таңда 90 баланы ғана қамтып отыр. Қалған 50 орынды балабқша жарғысына өзгеріс енгізе отыра, жарты күн режимінде қызмет ететін жоғарыдағыдай санаттағы балалар үшін 2 топ ашуды жоспарлап оның шығындарымен 2 тәрбиеші еңбек жалақысы мен салық, әлеуметтік аударымдары мен барлығы 2 80803 мың теңге қаражат бөлуді сұрап облыс әкімінің орынбасары атына хат жолдап отырмыз.
Мемлекеттік әріптестік желісін дамыту арқылы 2016-2017 жылдары ауданда 140 орындық 2 балақша салынады деп жоспарлануда. Оның екеуі ауданның халқы көп шоғырланған Ақшұқыр мен Сайын ауылында.
- Сұрағымның кезегін мектепке қарай бұрайын. Биылғы оқу жылында өзгеріс көп сияқты. Көп реформаланатын білім саласында жаңа өзгерістер көп екені белгілі, бұл жөнінде ауданмызыдың дайындығы мен өзгерістерге бейімделу бағытындағы жұмыстары қалай үлестірілуде? Мектеп алды даярлық топтары бола ма? 12 жылдық білім беру мен жұртты алаңдатып отырған үш тілді оқыту жүйесі қалай жүзеге асады?
- Білім беру саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын іске асырудың ұйымдастырушылық негізі- білім беру саласын жетілдіруді жалғастыруын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бар. Жаңа бағдарлама ұлт жоспары «100 нақты қадам» оның ішінде 76,79,89 тапсырмаларының негізінде жасалған және осы саланың әлемдегі даму бағыттары ескерілген. Бұл бағытта Маңғыстау облысы білім саласында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Соның ішінде 99 пайызы ауыл мектептерінен тұратын өзім басқарып отырған Түпқараған ауданында білім саласына жіті көңіл бөлінеді.
12 жылдық оқытуға кезең-кезеңмен көшу –Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» басым бағыттарының бірі.
Өздеріңізге белгілі, 2016 жылдың 1 қыркүйегінен, яғни бүгіннен бастап 1 сынып оқушылары жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытылатын болады. Бұл бағытта бүгін өзіміз ашылуына қатысқан жаңа мектептің бірінші сабақтарынан-ақ байқадық. Балалар жаратылыстану пәндерін тілдің кіріктірілуі арқылы оқыды. Мәселен, математика пәнінде терминдерді ағылшынша қолдана отыра Ұлықбек Жүнісқоджаев есімді математик ұстазымыз сабақ жүргізді. Сабаққа балалардың қатысы өте жоғары, әсіресе ағылшын тілдеріндегі терминдерді қоса қайталап айтып отырғаны тілге дегенде тартынбай отырған құлшынысты аңғардым.
Оқу жылында аудандағы 9 мектепте 1-сыныпқа 828 (көшіп, ауысып келушілерді ескергенде 1000 жуық) оқушы келеді деп күтілуде. Барлық мектептердегі 1 сыныптықтар барлығы дерліктей бір баспадан шығатын кітап арқылы оқиды. Сонымен қатар, 1 сынып үшін аптаның 5 күні оқу күні де 2 күні демалыс. Сонымен қатар, мектепке дейінгі даярлық сыныптары жұмысын жалғастыра береді. 2019-2020 жылға дейін мектеп алды даярлық сыныптары өз жұмысын жасап, тоқтайды. 2020 жылдан бастап ғана 6 жасар бала мектеп партасына отыратын болады. Мамыр-тамыз айларында «Білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 55 педагог біліктілігін арттыру курсынан өткізілді.
Үш тілде білім беруді дамыту бойынша кең ауқымды іс-қимыл жүргізу үшін 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы әзірленгені баршаға белгілі.
Аталған құжатқа сәйкес, Маңғыстау облысында 11 мектеп пилоттық жобаға енгізіліп, физика, информатика, химия, биология пәндері сбақатарында терминологияларды ағылшын тілінде үйрету, мұғалімдерге ағылшын тілін меңгерту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Пилоттық жобаға Түпқараған ауданынынң 2 мектебі (Ақшұқыр мектеп –лицейі, №1 мектеп-лицей) осы екі ауыл мектептері жобаға енгізіліп отыр.
Ол дегеніңіз де бірден бәр пән ағылшын тілінде түсіндіріліп, ағылшын тілінде сабақа сұрау деген емес. Өзіндік жоспармен, мұғалім біліктілігімен балаға мысалы информатика пәнінде компьютерге қатысты немесе информатиканың ғылыми терминалогиясын ғана сабақ үстінде ағылшын тілінің аудармаларымен беру арқылы кіріктіріп оқыту. Меніңше бұдан шошитын ештеме жоқ. Керісінше, ортақ ғылым тіліндегі ең құрығанда терминалогияның бір термині мен бір сөзді ағылшынша білудің өзі интернет заманында өте қажет деп есепетеймін. Бұл үшін аранйы CLIL деген бағдарлама жасақталған.Бұл –пәнмен тілді кіріктіріп оқыту деп аталады. Мәселен қазақ әдебиеті пәнін оқытуда ағылшын тілінде шығарма оқытуға бірден көшіп кетпейді ғой. Тақырып «Абай Құнанбаев» болса, оның ағылшын тіліне аударылған бір әнін орындап беруді үйренудің өзі артық емес деп есептеймін.
Ал 12 жылдық білімге кезең-кезеңмен көшу туралы және осы өзгерістер бойынша аудан мектептерінде ата-аналармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
- Білім саласы сөз болса мұғалім мен біліктілік сөз болатыны белгілі, жанағы айтып жатырған жаңалықтар үшін де мұғалімдер біліктілігін арттыру керек екені белгілі. Бұл жағына қандай жұмыстар жасалынып жатыр?
- Мұғалім мектептің жүрегі ғана емес, оқушы бағдаршысы. Бүгінгі мұғалімге қойылып отырған талапта жоғары. Өзің білетіндей, мектепті осы уақытқа дейін педагог емес кадрлардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Енді мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстарымен айналысыпы жатырмыз. Бұл бағытта деңгейлік курстан өткен дирекорлар саны-5.
Үш тілде білім беру бойынша ауданның 7 мұғалімі республикалық, 40 мұғалімі облыстық семнарларға және 6 мұғалім түрлі тақырыптағы конференцияларға қатысты. Жоғарыда атап өткенімдей «Білім мазмұнын жаңарту» бағдарламасы бойынша 55 педагог біліктілігін арттыру курстарынан өткізілді.
Тағы бір қуана айтатын жаңалықтың бірі «Назарбаев Зияткерлік мектептері» жасақатаған «Робототехника» элективті курсының бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Маңғыстау облысының білім басқармасының «Балалар мен жастардың ғылыми-техникалық шығармашылығы жүйесін дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары» бекітіліп, облыстың 15 жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарына «Роботехника» курсын енгізу жоспарланып отыр. Соның ішінде, Түпқараған ауданының 2 мектебі (М.Әбдіхалықов, Ақшұқыр мектеп-лицейі) жобаға енгізілгені біздерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Осындай бүгінгі заман талабына лайық мемлекеттік бағдарлама халықаралық өлшемдер мен ел үміті үрдісінен шығып отыр. Дәл осы робототехникада жетістікке жетіп жүрген ауданымыздағы М. Әбдіхалықов мектебінің ұстазы Хасанов Раймыбек еңбегі облыс көлемінде таныстырылып үлгерді.
Білім беру ұйымдарының рейтенгісі жасақталған болатын, сол рейтенг негізінде 25 критерий арқылы бағаланатын мониторинг жүргізілген. Біздің аудан осы көрсеткіштерді бағындыра, басында тұр. Алдағы уақытта мектеп диреткорларының жұмыстарын ғанан емес, білімі мен біліктілігін саралайтын мониторинг жүретін болады.
- Өткен оқу жылында апробациядан өтіп жатырған облыс бойынша 2 мектеп болса, соның бірі М.Горький атындағы мектеп-лицейдің деңгейі мен сапасы оң көзқарас пен өте жақсы деген баға алғанын да естіп отырмыз. Ал апробациядағы мектептің білім әдісіне ата-аналар қалай қарап жатыр?
- Ағымдағы оқу жылында республикалық 30 пилоттық мектебіне жаңартылған білім мазмұнын апробациялау жұмысы жүргізілсе, олардың қатарына Маңғыстау облысының 2 мектебі енгізілген болатын. Соның біреуі –аудандағы М.Горький атындағы мектеп –лицейі.
Аталған мектептің орыс тілді 1 сынып оқушылары апробацияны сәтті аяқтады. Одан бұрын, дәл осы апорбация барысында өзімде бақылау жүргізіп көрдім:
- Аудан мектептерінде қандай түйіткілді мәселелерді атар едіңіз? Оны шешудің қандай алғы шарттарын ұсынар едіңіз?
- Біздің мектептерде материалдық –техникалық база жағынан мәселе жоқ. Мектепетріміздің базасы жақсы. Интерактивті тақта мен компьютерлермен түгелдей жабдықталған. Негізгі мәселе баяғы – маман. Мұғалімдердің жетіспеушілігі. Оның ішінде математиктер мен химиктер және жетіспейді. Орыс мектебіне беретін пән мұғалімдері де тапшы.
- Өзіңіз ұстазсыз, бірнеше жыл білім саласын басқарып келесіз. Отына күйіп, суығына тоңып отырған салада сізді не алаңдатып жүр? Білім және ғылым министрлігіне нендей ұыныс жолдар едіңіз?
- Жоғарыдағы сұрағыңа жауабымыды жалғай кетуіме де болады. Сол маман тапшылығын шешу үшін, алдымен жылына бітіріп жатырған педогогтарды әсіресе мемлекеттік грантта оқыған жастарды, әр ауыл, аудан, қала сұраныстарына қарай бөліп жіберетін жүйе болса. Бұл жұмыстар білім салсының тарихында да тәжірибесінде бұрын болған үрдіс. Өзімізде сондай мамандардан білім алдық кезінде. Сонда біз бірінші жұмысқа орналастырып, екінші қандай мұғалім керек екеніне сараптама жасай отыра, маман тапшылығын шешеміз. Ал мұғалімді келген жерінде үй немесе жатақханамен болса да қамту деген мәселе күн тәртібінен түспеуі керек.
- Жаңа оқу жылы басталды. Бүгіннен бастап ата-аналар да, балалар да бір жайдақ жүрісті демалыстан кейін, сабақ оқуға кіріседі. Білім күнімен сізді құттықтай отыра, білім додаларынан аудан оқушылары елді танытсын деген тілек білдіреміз!
- Көкейдегі көп сауалға жауап бергеніңізге рақмет!
Милана ЕЛЕУСІНОВА