Жұма күні мәдениет үйінде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында азаматтарды бірыңғай қабылдау өткізілді.
Жұмыссыз азаматтарды еңбекке араластыруға ықпал етуді көздеген шарада шағын несие алып, өз ісін ашу, кәсіби даярлау мен қайта даярлау, жастар тәжірибесін және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы аудандық жұмыспен қамту орталығының мамандары қатысушыларға кеңес берді. Жәрмеңкеге атсалысқан мемлекеттік мекемелер мүмкіндігі шектеулі жандар мен жұмыссыз 40-қа жуық азаматтың түйіндемелерін қабылдап, 11 адамды тұрақты жұмыс орнымен қамтамасыз етті.
Жадыра Телбаева