Биыл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ–ының бір құрылымдық бөлімшесі–«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы жартығасырлық мерейтойын атап өтпек. Аймағымыздың даму-өркендеу кезеңдерінде бұл кенішінің алар орны айрықша. Бұдан 55 жыл бұрын алғашқы мұнай бұрқағы атылып, Маңғыстау бүкіл әлемге танылды.
Ен даланы ұйқысынан оятып, дүр сілкінтіп, дүбірге қиқу қосқан сол уақыттан бері ұзынсонар әңгімеге тамызық болар ұлаңғайыр өзгерістер болды. Жертөлелерде тұрып, ыстықта шөлдеп, суыққа тоңып жүріп, қажыр-қайраттың, қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, тонналап мұнай шығарған ардагерлеріміздің даңқты еңбегін айта жүрер, мақтан етер кейінгі толқын тарих шежіресін өздері де жаза бастады. Малға өріс болған далада качалкалар қатар түзеп, ғимыраттар бой көтеріп, өндіріс орындары ашылып, төрткүл дүниені таң қалдырарлықтай ұлаң-ғайыр, жасампаздық істердің жылнамасы жазылды. Өткенсіз бүгін жоқ. Кешегі ардагерлеріміздің бастап берген ісін кейінгі толқын, ізбасарлары жалғастырып жатыр. Жауқазындай желкілдеп, өсіп келе жатқан балдырғандар бар. Аталар, ағалар өнегесін солар көру керек, алдыңғы лектің сапарын жалғар жасөрен ертең ақсақалдар бастап беріп кеткен, тері тамған өнеге болар еңбек жолымен алға басып, асқар биіктерді бағындыруы керек.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ–ы мұнайшыларының бас біріктіріп, Маңғыстау мұнайының ашылуына 55, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік кәсіпорнының құрылғанына 50 жыл толуы мерекесіне арнап ұйымдастырған бағдарламаларының мазмұн-тінінде осы ой-мақсаттар жатыр. Жыл ішінде өтетін қайырымдылық, экологиялық, танымдық, спорттық және интелектуалдық шаралары, алғаш мұнай ашқан ардагерлермен кездесулер, мектеп оқушылары мен студенттер арасында ғылыми-практикалық семинарлар, Жас мамандар кеңесінің акциялары- ұрпақтар сабақтастығы жайындағы қастерлі ұғымды темірқазық етеді. Компания басшылығының журналистер үшін Жетібай кенішіне арнайы ұйымдастырған танымдық сапары хақында да осыны айтуға болады.
Біз келгенде мұнайшылар салған спорт сарайында футбол, тенистен жарыс қызып жатты. Сайысқа «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаламқасмұнай», «Жетібаймұнай» өндірістік басқармалары командалармен бірге Құрық, Жетібай, Мұнайшы кенті әкімдігі бойынша жасақталған командалар да қатысуда.
- Мұнайшылар спартакидасында біздің командамыз бірінші орынға ие болып, Астанада өтетін чемпионатқа жолдама алды,-деп «Жетібаймұнай» кәсіподақ ұйымы төрағасы Тарғын Мысанбаев спорттағы жетістіктері, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс ахуалы хақында сөз етті.
Алғаш мұнай бұрқағы атқылаған №6 ұңғыда тұңғыштар құрметіне орнатылған обелискіні көрдік. Мәрмәр тастан өріліп, қанат жайған келісті ескерткіште 1961 жылы 5 шілдеде №6 ұңғыдан атқылаған мұнайды ауыздықтауға қатысқандардың аттары жазылыпты. Түбек жұртшылығына таныс есімдер... Біразымен көзі тірісінде кездестік те. «Баспалдақтардың бойымен көк түтінге тұншығып, жоғары өрмеледім. Төменде басшылық жасап тұрса да болар еді, шыдамадым. Сол сәтте ұшып жатқан тастан ұшқын шықса алапат өрт болар еді. » деген адамгершіліктің өлшемі Хасан Тәжиев ағамыздың қоңыр үні құлағымда қалыпты. « Хасан деген бастықпын деп бөлінбеген, апталап үй көрмей, мұнайшылармен бірге жертөледе түнеген қарапайым басшы болды» деген Шәкірт Сақановтың сөзі ойға оралды. Ортамызда жүрген тірі тарих –Жолдас Тоғжанов та бізбен сұхбатында алғашқы мұнай бұрқағын ауыздықтауға қатысқан азаматтардың ерлікке пара-пар еңбегі жайлы тебірене әңгімелеген. Тасқа тіл бітіп сөйлеп кетсе біраз нәрсені айтар еді-ау тағы да... Еске алар зерделі ұрпақ бар да, ештеңе ұмытылмаса керек. Ескерткіш -осының дәлелі. «Маңғыстаугазбарлау» тресінің сол кездегі басшысы Халел Өзбекқалиев, бас инженері Асабай Хисыметов, бас геологы Валентин Петрович Токарев, мұнай бұрқағын жабуға басшылық еткен инженерлер- Хасан Тәжиев, Дүйсен Үсенов, Қуан Қазиев есімдерінің жазылуы да обелискінің тәрбиелік мәнін артыра түскендей.
Жарты ғасырдан астам тарихында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосты. Тапқан табысын көппен бөлісіп, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына мүделілік танытты. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын ұстанып келеді. Мұның бір ғана мысалы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы аталып өткен 2011 жылы «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебінің» пайдалануға берілуі. Заман талабына сай оқу орнын салуға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 78 млн. теңге бөлді. Отыз жыл бұрын салынған ескі мектеп орнында әсем ғимырат бой көтерді. Сол кездегі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Әсет Мағауов елімізге еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Орын Құлсариевке өнер ордасының кілтін тапсыра отырып, лайықты таланттар даярлауға сенім білдірген. Арада бес жыл өтті. Үміт ақталды.
- Бізде 211 бала оқушы оқып жатыр. 18 кәсіпқой маманымыз оларды домбыра, фортепиано, баян, басқа да бірнеше аспаптарды меңгеруге баулуда. Түлегіміз-Қайсар Майлыбай Қытайда өткен халықаралық конкурста бірінші орын алды. Мектеп жанындағы аула клубымызда 150 бала тігу, тоқу, сурет салу, сурет салу, басқа бірнеше кәсіпке машықтануда. Қазіргі таңда Жетібайдағы жалпы білім беретін оқу орындарында 3 мыңға жуық бала оқиды . Олардың біразы бос уақыттарында музыка мектебіне келіп, өнерден сусындайды, -дейді өнер мектебінің қазіргі басшысы, «Сәлем-Астана» республикалық конкурсының Гран-при иегері Жанар Кенжебай.
Өнер мектебінің акустикасы келіскен кең де жарық бөлмелерінде музыка аспаптарының үні қалықтайды. Күнделікті дайындыққа кіріскен болашақ әнші , күйшілер «қонақтар келді» деп өнерін көрсетуге ыңғай танытты. «Осындай жағдай жасап, әсем ғимырат салып берген мұнайшыларға рахмет!» деп ұстаздар алысын жеткізіп жатты...
Күн ысымай тұрғанда жетіп алайық деп өндіріс орнына асықтық. Әдеттегідей №16 топтық қондырғыда жұмыс қыза түскен. Қатар түзеген цестерналар, түрлі-түске боялған құбырлар, ырғақты қалыбынан жаңылмай ерсілі-қарсылы қозғалып, мұнай айдаған сораптар, компьютер бетіндегі бізге түсініксіз айқұш-ұйқыш, жоғары-төмен қозғалып жатқан сызықтар, бірдей жұмыс киімін киген мұнайшылардың шалт қимылы.., осы бір сәтті қалт жібермей, сарт-сұрт суретке түсіріп жүрген әріптесім Таланттың қозғалыс, жүгірісі-көз алдымызда жатталып қалған көріністер.
- Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына лайықты табыспен қарсы алуға жұмылып жатырмыз. Менің оператор болып жұмыс істеп жатқандығыма да 25 жыл. Болып жатқан өзгерістер көз алдымда. Темір құбырлар жарылып, қыста мұнай қатып қалып, әбігерге салатын. Мұнай тораптары қазір шыны пластикалық құбырлармен алмастырылды. Он екі ұңғыдан спутникке мұнай жиналып жатыр. Әр ұңғыдан алынған өнім есептеліп, компьютерге жазылады. Мұнайдан айырылғани газ өңдеу үшін зауытқа жіберіледі,-деп оператор Қайрат Дүйсенов өндірістік процестерді түсіндіріп берді.
Өндіріс алаңын жағалап жүріп, қабат қысымын ұстау цехына келдік. Жоғарыдағы көріністердің біразы мұнда да қайталанды. Сорап қондырғысы орналасқан ангар іші тап-таза, жабдықтар бүгін сатып әкелініп, орната салынғандай.
- Жағдайымыз жақсы. 1989 жылдан бері осында істеймін. Тәулігіне жер астындағы қабатқа 3500 текше метр теңіз суын айдаймыз,-дейді машинист Дәметкен Орынбасарова.
Тізбектеліп, бір-бірімен жалғасып, тәулік бойы ырғағынан жаңылмайтын өндірістік процестердің жауапкершілігі, қиындығы өз алдына бөлек әңгіме. Соңғы рет аялдаған жеріміз- мұнай дайындау және өткізу цехы. Цех бастығының орынбасары Жанболат Таңғышов кәсіпорын бойынша 3 мұнай өңдеу цехы бар екендігін, судан айырылған мұнайды «Казтрансойл» компаниясына өткізіп, суды жер қабатына кері айдайтындықтарын, газын газ өңдеу зауытына жіберетіндіктерін айтып, біраз нәрсені зердемізге құйып жатыр. Су көк, мұнай қара түспен белгіленіпті, қозғалыс, бағыт-бағдарын оператор экраннан бақылап отыр. Мұнай, су жиналатын қазанның деңгейі, пеш температурасы бәрі көз алдымызда. Елу жыл ішінде өсіп, қарыштап, дамығанымыздың бір көрінісі –жұмыс процесі автоматтандырылған, бір орталықтан компьютермен басқарылады.
Ия, жарты ғасыр ішінде болған өзгерістер аз емес. Кешегі қарадүрсін техникалар, қолайсыз жабдықтардың орнын өркениет көшіне бағыт ұстаған жаңа жабдықтар жаңартқан. Бұрынғыдай атан түйеге жүк боларлық ауыртпалық жоқ, қол еңбегін техника алмастырған. Он мұнайшы атқаратын жұмысты бір тетікпен бір адам басқарып отыр. Таңданбай көр.
-Темір құбырлар тартылған жүйені шыны пластикалық құбырлармен алмастырып жатырмыз. Жиырма бес жылға пайдалануға жарайды. Ертеректегідей ілеспе газ босқа далаға жағылып, экологияны ластамайды. Өз қажетімізден асқанын газ өңдеу зауытына жібереміз. Мұнай беріп тұрған 1388 ұңғымыз , жер астына су айдайтын, қабат қысымын ұстау жүйесінде пайдаланып жүрген 540 ұңғымыз бар. Жер астынан су шығаратын 8 ұңғыны іске қосып, Асар кенорны қажетіне пайдаланудамыз. Бұрын ол үшін теңіз суын «Қазмұнайгаздан» сатып алып, қыруар қаржы төлейтін едік,-деп «Жетібаймұнай» өндірістік басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қуанғали Жақсығатов қол жеткен табыстары жайында сөз етті. Айтса айтқандай-ақ жетістік көп, көрсеткіш жақсы.
Қазіргі таңда «Жетібаймұнай» өндірістік басқармасы Жетібай, Асар, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай, Оймаша, Солтүстік Қарағия, Алатөбе, Бұрмаша, Айрантақыр, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар, Бектұрлы, Придорожное, Солтүстік Аққар аталатын 14 кенішінде мұнай өндіруде. Елу жыл ішінде 90 900 мың тонна мұнай игеріліпті. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында жоспардағы 1 073 285 тоннаның орнына 1 089 463 тонна мұнай өндіріліп, межеленген көлемнен 16 178 тонна артық өнім алынған. Алты айда 1 085 729 тонна мұнай өткізіліп, жоспар 17 172 тоннаға асыра орындалған. Тәулігіне орташа 6000 тонна мұнай алып тұрған басқарма мұнайшыларының алар асулары әлі алда.
Биыл «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ –ының бір құрылымдық бөлімшесі –«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасы жартығасырлық мерейтойын атап өтпек. Аймағымыздың даму-өркендеу кезеңдерінде бұл кенішінің алар орны айрықша. Бұдан 55 жыл бұрын алғашқы мұнай бұрқағы атылып, Маңғыстау бүкіл әлемге танылды.
Ен даланы ұйқысынан оятып, дүр сілкінтіп, дүбірге қиқу қосқан сол уақыттан бері ұзынсонар әңгімеге тамызық болар ұлаңғайыр өзгерістер болды. Жертөлелерде тұрып, ыстықта шөлдеп, суыққа тоңып жүріп, қажыр-қайраттың, қайтпас қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, тонналап мұнай шығарған ардагерлеріміздің даңқты еңбегін айта жүрер, мақтан етер кейінгі толқын тарих шежіресін өздері де жаза бастады. Малға өріс болған далада качалкалар қатар түзеп, ғимыраттар бой көтеріп, өндіріс орындары ашылып, төрткүл дүниені таң қалдырарлықтай ұлаң-ғайыр, жасампаздық істердің жылнамасы жазылды. Өткенсіз бүгін жоқ. Кешегі ардагерлеріміздің бастап берген ісін кейінгі толқын, ізбасарлары жалғастырып жатыр. Жауқазындай желкілдеп, өсіп келе жатқан балдырғандар бар. Аталар, ағалар өнегесін солар көру керек, алдыңғы лектің сапарын жалғар жасөрен ертең ақсақалдар бастап беріп кеткен, тері тамған өнеге болар еңбек жолымен алға басып, асқар биіктерді бағындыруы керек.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ –ы мұнайшыларының бас біріктіріп, Маңғыстау мұнайының ашылуына 55, «Жетібаймұнайгаз» өндірістік кәсіпорнының құрылғанына 50 жыл толуы мерекесіне арнап ұйымдастырған бағдарламаларының мазмұн-тінінде осы ой-мақсаттар жатыр. Жыл ішінде өтетін қайырымдылық, экологиялық, танымдық, спорттық және интелектуалдық шаралары, алғаш мұнай ашқан ардагерлермен кездесулер, мектеп оқушылары мен студенттер арасында ғылыми-практикалық семинарлар, Жас мамандар кеңесінің акциялары- ұрпақтар сабақтастығы жайындағы қастерлі ұғымды темірқазық етеді. Компания басшылығының журналистер үшін Жетібай кенішіне арнайы ұйымдастырған танымдық сапары хақында да осыны айтуға болады.
Біз келгенде мұнайшылар салған спорт сарайында футбол, тенистен жарыс қызып жатты. Сайысқа «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаламқасмұнай», «Жетібаймұнай» өндірістік басқармалары командалармен бірге Құрық, Жетібай, Мұнайшы кенті әкімдігі бойынша жасақталған командалар да қатысуда.
- Мұнайшылар спартакидасында біздің командамыз бірінші орынға ие болып, Астанада өтетін чемпионатқа жолдама алды,-деп «Жетібаймұнай» кәсіподақ ұйымы төрағасы Тарғын Мысанбаев спорттағы жетістіктері, жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы, тұрмыс ахуалы хақында сөз етті.
Алғаш мұнай бұрқағы атқылаған №6 ұңғыда тұңғыштар құрметіне орнатылған обелискіні көрдік. Мәрмәр тастан өріліп, қанат жайған келісті ескерткіште 1961 жылы 5 шілдеде №6 ұңғыдан атқылаған мұнайды ауыздықтауға қатысқандардың аттары жазылыпты. Түбек жұртшылығына таныс есімдер... Біразымен көзі тірісінде кездестік те. «Баспалдақтардың бойымен көк түтінге тұншығып, жоғары өрмеледім. Төменде басшылық жасап тұрса да болар еді, шыдамадым. Сол сәтте ұшып жатқан тастан ұшқын шықса алапат өрт болар еді. » деген адамгершіліктің өлшемі Хасан Тәжиев ағамыздың қоңыр үні құлағымда қалыпты. « Хасан деген бастықпын деп бөлінбеген, апталап үй көрмей, мұнайшылармен бірге жертөледе түнеген қарапайым басшы болды» деген Шәкірт Сақановтың сөзі ойға оралды. Ортамызда жүрген тірі тарих –Жолдас Тоғжанов та бізбен сұхбатында алғашқы мұнай бұрқағын ауыздықтауға қатысқан азаматтардың ерлікке пара-пар еңбегі жайлы тебірене әңгімелеген. Тасқа тіл бітіп сөйлеп кетсе біраз нәрсені айтар еді-ау тағы да... Еске алар зерделі ұрпақ бар да, ештеңе ұмытылмаса керек. Ескерткіш -осының дәлелі. «Маңғыстаугазбарлау» тресінің сол кездегі басшысы Халел Өзбекқалиев, бас инженері Асабай Хисыметов, бас геологы Валентин Петрович Токарев, мұнай бұрқағын жабуға басшылық еткен инженерлер- Хасан Тәжиев, Дүйсен Үсенов, Қуан Қазиев есімдерінің жазылуы да обелискінің тәрбиелік мәнін артыра түскендей.
Жарты ғасырдан астам тарихында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына лайықты үлес қосты. Тапқан табысын көппен бөлісіп, тұрғындардың тұрмыс-тіршілігінің жақсаруына мүделілік танытты. Әлеуметтік жауапкершілік қағидатын ұстанып келеді. Мұның бір ғана мысалы Маңғыстау мұнайының 50 жылдығы аталып өткен 2011 жылы «Өскенбай Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебінің» пайдалануға берілуі. Заман талабына сай оқу орнын салуға «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 78 млн. теңге бөлді. Отыз жыл бұрын салынған ескі мектеп орнында әсем ғимырат бой көтерді. Сол кездегі «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Әсет Мағауов елімізге еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Орын Құлсариевке өнер ордасының кілтін тапсыра отырып, лайықты таланттар даярлауға сенім білдірген. Арада бес жыл өтті. Үміт ақталды.
- Бізде 211 бала оқушы оқып жатыр. 18 кәсіпқой маманымыз оларды домбыра, фортепиано, баян, басқа да бірнеше аспаптарды меңгеруге баулуда. Түлегіміз-Қайсар Майлыбай Қытайда өткен халықаралық конкурста бірінші орын алды. Мектеп жанындағы аула клубымызда 150 бала тігу, тоқу, сурет салу, сурет салу, басқа бірнеше кәсіпке машықтануда. Қазіргі таңда Жетібайдағы жалпы білім беретін оқу орындарында 3 мыңға жуық бала оқиды . Олардың біразы бос уақыттарында музыка мектебіне келіп, өнерден сусындайды, -дейді өнер мектебінің қазіргі басшысы, «Сәлем-Астана» республикалық конкурсының Гран-при иегері Жанар Кенжебай.
Өнер мектебінің акустикасы келіскен кең де жарық бөлмелерінде музыка аспаптарының үні қалықтайды. Күнделікті дайындыққа кіріскен болашақ әнші , күйшілер «қонақтар келді» деп өнерін көрсетуге ыңғай танытты. «Осындай жағдай жасап, әсем ғимырат салып берген мұнайшыларға рахмет!» деп ұстаздар алысын жеткізіп жатты...
Күн ысымай тұрғанда жетіп алайық деп өндіріс орнына асықтық. Әдеттегідей №16 топтық қондырғыда жұмыс қыза түскен. Қатар түзеген цестерналар, түрлі-түске боялған құбырлар, ырғақты қалыбынан жаңылмай ерсілі-қарсылы қозғалып, мұнай айдаған сораптар, компьютер бетіндегі бізге түсініксіз айқұш-ұйқыш, жоғары-төмен қозғалып жатқан сызықтар, бірдей жұмыс киімін киген мұнайшылардың шалт қимылы.., осы бір сәтті қалт жібермей, сарт-сұрт суретке түсіріп жүрген әріптесім Таланттың қозғалыс, жүгірісі-көз алдымызда жатталып қалған көріністер.
- Еліміз тәуелсіздігінің 25 жылдығына лайықты табыспен қарсы алуға жұмылып жатырмыз. Менің оператор болып жұмыс істеп жатқандығыма да 25 жыл. Болып жатқан өзгерістер көз алдымда. Темір құбырлар жарылып, қыста мұнай қатып қалып, әбігерге салатын. Мұнай тораптары қазір шыны пластикалық құбырлармен алмастырылды. Он екі ұңғыдан спутникке мұнай жиналып жатыр. Әр ұңғыдан алынған өнім есептеліп, компьютерге жазылады. Мұнайдан айырылғани газ өңдеу үшін зауытқа жіберіледі,-деп оператор Қайрат Дүйсенов өндірістік процестерді түсіндіріп берді.
Өндіріс алаңын жағалап жүріп, қабат қысымын ұстау цехына келдік. Жоғарыдағы көріністердің біразы мұнда да қайталанды. Сорап қондырғысы орналасқан ангар іші тап-таза, жабдықтар бүгін сатып әкелініп, орната салынғандай.
- Жағдайымыз жақсы. 1989 жылдан бері осында істеймін. Тәулігіне жер астындағы қабатқа 3500 текше метр теңіз суын айдаймыз,-дейді машинист Дәметкен Орынбасарова.
Тізбектеліп, бір-бірімен жалғасып, тәулік бойы ырғағынан жаңылмайтын өндірістік процестердің жауапкершілігі, қиындығы өз алдына бөлек әңгіме. Соңғы рет аялдаған жеріміз- мұнай дайындау және өткізу цехы. Цех бастығының орынбасары Жанболат Таңғышов кәсіпорын бойынша 3 мұнай өңдеу цехы бар екендігін, судан айырылған мұнайды «Казтрансойл» компаниясына өткізіп, суды жер қабатына кері айдайтындықтарын, газын газ өңдеу зауытына жіберетіндіктерін айтып, біраз нәрсені зердемізге құйып жатыр. Су көк, мұнай қара түспен белгіленіпті, қозғалыс, бағыт-бағдарын оператор экраннан бақылап отыр. Мұнай, су жиналатын қазанның деңгейі, пеш температурасы бәрі көз алдымызда. Елу жыл ішінде өсіп, қарыштап, дамығанымыздың бір көрінісі –жұмыс процесі автоматтандырылған, бір орталықтан компьютермен басқарылады.
Ия, жарты ғасыр ішінде болған өзгерістер аз емес. Кешегі қарадүрсін техникалар, қолайсыз жабдықтардың орнын өркениет көшіне бағыт ұстаған жаңа жабдықтар жаңартқан. Бұрынғыдай атан түйеге жүк боларлық ауыртпалық жоқ, қол еңбегін техника алмастырған. Он мұнайшы атқаратын жұмысты бір тетікпен бір адам басқарып отыр. Таңданбай көр.
-Темір құбырлар тартылған жүйені шыны пластикалық құбырлармен алмастырып жатырмыз. Жиырма бес жылға пайдалануға жарайды. Ертеректегідей ілеспе газ босқа далаға жағылып, экологияны ластамайды. Өз қажетімізден асқанын газ өңдеу зауытына жібереміз. Мұнай беріп тұрған 1388 ұңғымыз , жер астына су айдайтын, қабат қысымын ұстау жүйесінде пайдаланып жүрген 540 ұңғымыз бар. Жер астынан су шығаратын 8 ұңғыны іске қосып, Асар кенорны қажетіне пайдаланудамыз. Бұрын ол үшін теңіз суын «Қазмұнайгаздан» сатып алып, қыруар қаржы төлейтін едік,-деп «Жетібаймұнай» өндірістік басқармасы бастығының бірінші орынбасары Қуанғали Жақсығатов қол жеткен табыстары жайында сөз етті. Айтса айтқандай-ақ жетістік көп, көрсеткіш жақсы.
Қазіргі таңда «Жетібаймұнай» өндірістік басқармасы Жетібай, Асар, Оңтүстік Жетібай, Шығыс Жетібай, Оймаша, Солтүстік Қарағия, Алатөбе, Бұрмаша, Айрантақыр, Атамбай-Сартөбе, Ащыағар, Бектұрлы, Придорожное, Солтүстік Аққар аталатын 14 кенішінде мұнай өндіруде. Елу жыл ішінде 90 900 мың тонна мұнай игеріліпті. 2016 жылдың 1 жартыжылдығында жоспардағы 1 073 285 тоннаның орнына 1 089 463 тонна мұнай өндіріліп, межеленген көлемнен 16 178 тонна артық өнім алынған. Алты айда 1 085 729 тонна мұнай өткізіліп, жоспар 17 172 тоннаға асыра орындалған. Тәулігіне орташа 6000 тонна мұнай алып тұрған басқарма мұнайшыларының алар асулары әлі алда.
Болат Үмбетов Суреттерді түсірген Талант Құсайын