Жуырда Ақтаудағы №17 «Күншуақ» балабақшасының тәрбиешілері мен ата-аналары сенбілікке шықты.
Таң алакеуімнен «Жұлдыз» атты 3-топ сыпырғыш, қалақтарын алып, тазалық жұмысына қызу кірісті. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деп бірауыздан еңбек еткен олар ауладағы талдардың түбін қопсытып, күл-қоқыстан арылтты. Топтың тәрбиешісі - Майра Оразқызы бастаған ата-аналар балаларға білім нұрын төгер, тәрбие шуағын шашар балабақшаның ауласын тазалаумен қатар сырт көрінісін де көркейтіп, ағаш түптерін әктеп, сырлады. Осылай құлшына жұмыс істеген 15-ке тарта белсенді ата-ана қала тазалығына ерекше көңіл бөлетіндігін көрсетті. Ата-аналар сенбілік арқылы бүлдіршіндерді еңбекке баулып, туған өлкесін, қоршаған ортаны қамқорлыққа алып, аялауға шақырды. Өнегелі шара соңында қатысушылар өз еңбектеріне мақтаныш сезіммен, риза көңілмен тарасты.
Х.ОРЫНБАЙҚЫЗЫ