Бүгін, 8 тамызда сағат 12:00-ге таман құтқарушылар 2002 жылы туған қыздың денесін судан алып шыққан. Қыздың мәйіті "Ерсай" ЖШС кеме жасау зауытының маңынан табылған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап. Жыл басынан Маңғыстауда 14 адам суға батып қаза болғаны туралы бұдан бұрын жариялаған едік. Тұрғындардың шомылу маусымында суға батуының жиілеуі қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан туындап отыр.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ