©
13-14 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толу мерекесі және халықаралық спорт күніне арналған бокстан Ресей Федерациясы Астрахань қаласы және Форт-Шевченко қаласы былғары қолғап шеберлері арасында жолдастық кездесу өтті.
Спортшылар арасында достық қарым-қатынас орнату, шеберліктерін шыңдау, тәжірибе алмасуды мақсат еткен бұл жарыста сөз алған Түпқараған аудандық мәдениет, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғалиева аудандық спорт мектебінде аудандық деңгейде ғана емес, халықарлық деңгейдегі жолдастық кездесулер мен спорттық жарыстардың жоғары деңгейде өтіп жүргендігін және аудан жастарының спортта сергек екендіктерін мақтанышпен жеткізе отыра, Маңғыстау намысын Рио олимпиядасында қорғап отырған Әділбектің ізін басар талай мықты былғары қолғап шеберлері осы кішкене аудан орталығында өсіп келе жатырғанына сенетінін жеткізді.
Кездесудің қорытындысы бойынша 5:5 есебімен тең аяқталған ойында үздік ойын өрнегін көрсеткен боксшыларға қаржылай сыйлық және дипломдар табыс етілді. Достықта шекара жоқ екенінен спортта да дәлелдеген боксшылар ауданның спорт саласындағы жетістіктері мен мүмкіндіктеріне таңданыстарын да жасырмады. Жолдастық кездесудің негізгі масқаты да осы. Қатынас және шеберлік алмсасуды көздеген жарыс тең дәрежеде түсіп, достыққа жол берді.
Милана ЕЛЕУСІНОВА