• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жексенбi, 6 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    Жәрдемақы мен зейнетақы жайы – жіті назарда

    [ 2019 ] 16 шілде, 06:40  |  Жаңалықтар

    Жәрдемақы тағайындау, зейнетақы жүйесіндегі жаңа өзгерістер халықтың жіті назарында. Сол себепті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары Ұлан Серікбайұлымен зейнетақы тағайындау рәсіміне енгізілген өзгертулер және жәрдемақылардың уақытылы төленуін бақылауға алудың маңызы жайлы сұхбат құрдық. - Ұлан Серікбайұлы, жәрдемақыларды тағайындау әрі төлеу жүйесіндегі ең соңғы жаңалықтар қандай? - Былтыр мамыр айынан бері 4 мекеме басы біріктірілді. Бұған дейін біз «әлеуметтік төлемдерді ведомствааралық есептеу орталығы» департаменті ретінде қызмет атқардық. Бүгінгі таңда мен жетекшілік ететін әлеуметтік сала бағыты бойынша басты міндет - жәрдемақылар мен зейнетақылардың уақытылы төленуін бақылауға алу. Зейнетақы не жәрдемақы бір-екі күн кешіксе, халық әбігерленіп, дереу хабарласады. Ел арасында тек бір жәрдемақыға күн көріп отырған жандар жетеді. Біздің міндеттің маңыздылығы да осында. Жалпы өзгерістерге тоқталып өтсек. Жыл басынан бері зейнетақы көлемі 7 пайызға, ал жәрдемақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің өсуіне және айлық есептік көрсеткіштің өзгеруіне байланысты 5 пайызға артты. Сонымен қоса биыл шілдеден бастап мүгедек бала  тәрбиелеп отырған ата-анаға немесе қамқоршыға берілетін жәрдемпұл 30 пайызға ұлғайды. Осы орайда өте мұқият болған жөн. Жәрдемақы мүмкіндігі шектеулі жандарға емес, бала кезінен бастап, мүгедектігі 1-топ азаматтардың ата-анасына немесе қамқоршысына ғана тиісті.  Яғни бұрын 31 183 теңге болса, қазір 41 578 теңгені құрап отыр. - Зейнетақы өсімі қанша теңгені құрады? - Сонымен қоса базалық зейнетқы мөлшеріне қатысты өзгертулер бар. Базалық зейнетақы дегеніміз зейнет жасына толған жандарға мемлекет тарапынан төленетін міндетті әлеуметтік көмек. Бүгінде базалық зейнетақы көлемі 16 147 теңгені құрайды. Былтыр шілдеден бастап барлық зейнеткерге бірдей төленетін базалық зейнетақы мөлшері азаматтардың еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығына тәуелді болмақ. Шілдеге дейін барлық зейнеткерлер бірдей көлемде 15 274, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің, яғни 28 284 теңгенің 54 пайызын  алып отырды. Ал 1 шілдеден бастап кімде он жыл немесе одан төмен еңбек өтілі болмаса, 54 пайызын алады. Он жылдан кейінгі әр жылға екі пайыздан қосылып отырады. Егер еңбек өтілі 20 жыл болса, күнкөріс деңгейінің 74 пайызын, 30 жыл болса 94 пайызын,  ал 33 жыл қызмет етсе ең төменгі күкөріс деңгейінің 100 пайызын алады. Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі 29 698 теңгені құрады. - Зейнетақы тағайындау жүйесіндегі өзгерістерге тоқталып өтсеңіз? - Бұрын зейнетақы тағайындау барысында еңбек өтілі талап етіліп,  міндетті түрде сот шешімі сұралатын. Назар аударар негізгі мәселе - көптеген зейнеткерлер әр түрлі жағдайларға байланысты толық еңбек өтілін заң аясында дәлелдей алмай жатады. Кейбір азаматтар қызмет еткен мекеме жабылып қалады немесе 1 айда 4 айдың зейнетақы жарнасын аударып жібереді де, бұл ақша заңнамаға сәйкес тек бір айдың жарнасы ретінде есептеліп кетеді. Ал оны растау оңай дүние емес, сот шешімі күтіледі. Әуре-сарсаңға салынады. Заңнамадағы жаңа өзгертулерге сәйкес ендігі ретте кез келген азамат өзі қызмет еткен мекеме мұрағатындағы дәйекті құжаттарға сүйене отырып, бухгалтер мөрі басылған, қолы қойылған құжат арқылы сот шешімінсіз-ақ толық еңбек өтілін тағайындау мүмкіндігіне ие болады. Бұл жөнінде біздің тараптан түсіндіру жұмыстары тиянақты жүргізіледі. Біздің облыста көрші елдерден қоныс аударған азаматтар өте көп. Сол жағы әрине қиындық тудырады. Бірақ қазіргі ақпараттық технологиялар дамыған заманда жедел пошта арқылы қажетті құжатты алдырып, өзіне тиесілі, көп жылдық бейнетінің жемісі- лайықты зейнетақыға қол жеткізген жандар өте көп. Сонымен қоса, 2018 жылдың қаңтарынан бері әйелдердің зейнет жасы сатылап ұлғаюда. Әйел азаматшалар былтырғы шілдеден бастап 58 жарымнан, биыл 59 жастан зейнет демалысына  шығуда. Маңғыстау облысы бойынша 1555 зейнеткер бар. Біз барлық әйел азаматшаларға жыл басталысымен уақыттан озбай құжат тапсыру жөнінде хабарлама жібердік. Бұл өте маңызды. Егер кез келген азаматша шілде айында 59 жасқа толып, қаңтар айында құжат тапсырса ол кісіге зейнетақы 59 жарымнан бастап тағайындалады. Тек қана  бес бала дүниеге әкелген немесе асырап алған аналар ғана 53 жастан, сондай-ақ Семей ядролық сынақтар аумағында  5 немесе одан да көп жыл тұрмыс кешкен  әйелдер 45 жастан, ерлер 50 жастан шыға алады. - Көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы жайы қандай? - Былтырға дейін кімде төрт не көп бала болса 10 мың 5 теңге мөлшерінде жәрдемақы төленіп келді. 2018 жылдың қаңтарынан бері заңға енгізілген өзгертулер аясында  жергілікті бюджет қорынан төленетін Атаулы әлеуметтік көмек төленуде. Атаулы әлеуметтік көмек әр отбасының  әлеуметтік жағдайы мен табысына байланысты  тиісті басқарма тарапынан тағайындалады. Бұл мәселемен облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік қамсыздандыру басқармасы айналысады. Пайдалы әңгімеңізге рахмет!

    Голрох ЖЕМЕНЕЙ

    992
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    жаңалықтар қоғам анонс
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтаулық құтқарушылар лагердегі балаларға түсіндірме жүргізді

    Келесі жаңалық

    "Шабыттан, Жаса, Жарқыра" мега жобасының үшінші айналымы аяқталды

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Шешімін таппаған салық мәселелері

      [ 2019 ] 18 қазан, 06:36
      2558

      Маңғыстау туу көрсеткіші бойынша республикада көш бастап тұр

      [ 2019 ] 30 желтоқсан, 16:50
      4381

      Үңгірге кірсең үрікпе

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 13:26
      5435

      Облыста денсаулық сақтау саласына қазынадан 4 млрд теңге бөлінді

      [ 2019 ] 20 желтоқсан, 05:29
      3493

      Мал ұрлығына қатысты күдікті "Бейнеу-Шетпе" трассасында ұсталды

      [ 2019 ] 19 желтоқсан, 07:09
      1912

      Мектеп директорларын жаңа жүйемен тағайындаймыз - А.Аймағамбетов

      [ 2019 ] 19 желтоқсан, 05:05
      1537

      Рубрикалар

        АНТИКОРӘдебиетҚазақстан жаңалықтарыРедакция газеттеріАшық қоғамҚызық дерекРедакция ұжымыМаңғыстау жаңалықтары

      Автордың басқа да жазбалары

      «Zhas Project» аясында 285 әлеуметтік жоба іске асырылды

      [ 2019 ] 5 желтоқсан, 12:40
      1730

      Тарихи-мәдени мұраларды қорғау және пайдалануға байланысты жиын өтті

      [ 2019 ] 4 желтоқсан, 10:39
      2832

      Аймақтағы үздік журналистер марапатталды

      [ 2019 ] 28 қараша, 09:44
      1708

      Сапалы өнім – табыс көзі

      [ 2019 ] 18 қараша, 09:55
      2071

      Теңіз қоқысы тазартылуы тиіс

      [ 2019 ] 14 қараша, 06:14
      2261

      Жазасын өтегендер қоғамнан тыс қалмайды

      [ 2019 ] 12 қараша, 05:32
      1632

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»