Азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына заңмен кепілдік берілуі, сотының тәуелсіз және әділ болуы тәуелсіз мемлекеттің басты белгілері. Сапалы, дәлелді сот актілерін, өтініштерге жауаптар сот билігінің беделін нығайтуға, қоғамның сота деген сенімін қалыптастыруға септігін тигізеді. Халықтың сот жүйесіне сенім деңгейінің жеткілісіздігі, жекелеген сот актілерінің анық еместігі және уәждерінің түсініксіздігі шешімнің әділетілігіне және судьяның кәсіби деңгейіне күмән келтіреді. Сот актілерінің міндеттілік күшін қамтамасыз ету мәселесі маңызды және өзекті болып табылады. 2018 жылы Жоғарғы Сотта «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарламасы шоғырландырылды. Солардың бірі –сапалы нәтиже жобасы іске қосылған. Сапалы нәтиже бағдарламасымен бастау алған жоба сот актілері мазмұнының түсінікті, қарапайым тілмен жазылуын, сондай-ақ тараптарға сот актілерін түсіндіру жұмысын жүргізуді қамтыды. Сот актілерінің жаңа форматы қарапайым адамға түсінікті форманы қалыптастырады. Жарияланған сот актілерінің заңды тұрғыда қабылдану негіздері тараптарға түсіндірілу негізінде апелляциялық шағымдар саны азайды.
Р.С.Бейсенов Маңғыстау облысы Ақтау қаласының №2 сотының төрағасы