Арысқа кеткен қоғамдық көліктерге шамамен 5 жарым мыңға тарта адам отырғызылған. Орталық мешіттен біршама қоғамдық көлікпен 400-ден аса тұрғын жөнелтілген. Ол азаматтар осы жердегі ағайын-туыстарының үйлерінен келіп, кетіп жатқандар болатын. Сондай-ақ, Арысқа қайтушылардың қатары уақыт санап өсуде. Бұдан басқа өздерінің көліктерімен кетіп жатқан азаматтар да бар.
«Ол азаматтарды Арысқа барғаннан кейін жауапты қызметкерлер күтіп алуда. Оған арнайы бекітілген қызметкерлер бар. Оларды өздерінің қоныстарына жайғастырып жатыр. Бірінші кезекті тамақ мәселесі шешілген. Содан кейін үйі қирап қалған азаматтарға уақытша тұру мәселесі де шешіліп жатыр. Ол үшін барлық қала-аудан әкімдері кварталға бөлінген. Осы тәртіп бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде»,- дейді Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Ұласбек Сәдібеков.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ, суреттер inform.kz сайтынан алынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" td_gallery_title_input="Арысқа тұрғындар оралды" ids="82371,82372,82373,82374,82375,82377,82378"]