Бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова БАҚ өкілдерін марапаттады. Қайнаған тіршілікте халықты ақпараттандыру мақсатында қызмет етіп жүрген бірқатар БАҚ мамандарының мерейі еселенді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Мереке қарсаңында Нұргүл Жанназарова БАҚ-тағы көпшіліктің көзіне көріне бермейтін қызметкерлерге алғыс жариялады. Олардың қатарында "Маңғыстау" арнасының қызметкерлері, үйлестіруші - Эльмира Кисметова, операторлар - Марат Нугманов пен Ролан Каримбаев; "Маңғыстау-Медиа" ЖШС-нің фототілшілері Талант Құсайын мен Саби Майемеров, облыстық "Огни Мангистау" газетінің тілшісі Галия Кенесбаева бар. Сонымен қатар "Тумба" газетінің тілшісі Эмир Сарин мен "Лада" газетінің тілшісі Александр Рыжих та марапатталды. Оқи отырыңыз: Үкімет қазақстандық журналистердің кәсіби мерекесін бекітті ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің әдеп жөніндегі кеңес төрайымы Нұргүл Жанназарова:
Өңіріміздің БАҚ өкілдерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен құттықтаймын. Халыққа біздің қызметімізді айна-қатесіз жеткізіп, халық пен биліктің ортасындағы көпір болып жүрген еңбектерін атап өтуіміз керек.Сол себептен ерекше мамандық иелерін құттықтап жатырмыз. Барлықтарыңызды шын жүректен құттықтаймыз. Мемлекетіміздің дамуы үшін аспанымыздың ашық аясында халқымызға адал қызмет жасап, біздермен тығыз байланыста жүрген жұмыстары жемісті болсын. Біз әрқашан БАҚ өкілдерінің еңбегін бағалаймыз және алдағы уақытта биіктерді бағындыра берсін деген тілек білдіреміз.Үнемі ізденіс үстінде жүретін мерейі үстем қызметкерлердің қоғамда алар орны ерекше. Еске сала кетейік, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 маусымдағы №431 Қаулысымен 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні болып бекітілді.
Махаббат НҰРЖАНҚЫЗЫ, суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="82348,82347,82346,82345,82344"]