Арыста болған төтенше жағдайдың қаупі әлі сейілмегендіктен тұрғындарға қалаға оралуға болмайтындығы ескертілді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. «Әскерилер Арыстың 16 көшесінен жарылмаған 70 снаряд тапты. Дені тұрғын үйлерге түскен. Қазір қалаға тіпті, құжат алу үшін де қайта келудің қажеті жоқ», - деп жазды Facebook-те Түркістан облысы әкімінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов.