Динара Сәдуақасова 15 мемлекеттен келген 36 қарсыласын басып озып, шамхаттан Азия чемпионы атанды. Ерлер және әйелдер арасындағы Азия біріншілігі 6-16 маусым аралығында Қытайдың Синтай қаласында өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қазақстан шахмат федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Динара Сәдуақасова 9 мүмкіндіктен 7,5 ұпай жинаған. https://www.instagram.com/p/ByvD7Zip2jF/?utm_source=ig_embed Қытайда өткен Азия чемпионатына Қазақстанның атынан үш шахматшы қатысты: ерлер арасынан Ринат Жұмабаев, қыздар арасында Динара Сәдуақасова мен Гүлмира Дәулетова. Ринат Жұмабаев 14 мемлекеттен 74 шахматшы қатысқан ерлер арасындағы сайыста 5-орынға ие болды. Айта кетелік, Динараның бұл жеңісі Әлем кубогінің іріктеу кезеңіне өтуге мүмкіндік береді. Динара Сәдуақасова тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғаш рет 14, 17, 18 және 20 жасқа дейін жалғыз төрт дүркін Әлем чемпионы, әйелдер арасындағы Орталық Азия Чемпионы (2015), әйелдер арасындағы Азия вице-чемпионы (2016), Әлем вице-чемпионы (2007, 2011). Сондай-ақ әйелдер арасында халықаралық гроссмейстерлер, ерлер арасында халықаралық шебер. Ол - ғаламшардың 30 мықты шахматшысының қатарына кірген жалғыз қазақстандық шахматшы.