©
Әнші Димаш Құдайбергеннің тұңғыш альбомы 37 секундтың ішінде «платина» деңгейіне жеттті. Бұл туралы әншінің өзі Instagram желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Бір сағат бұрын ғана менің тұңғыш жеке альбомым жарыққа шықты. Ол 37 секундтың ішінде платина деңгейіне жетті. Ал бір сағаттың ішінде 3 мәрте платина альбом атанды. Бақыттымын. Тыңдармандарыма менің барлық бастамамды қолдағаны үшін алғыс білдіремін. Менің табысым - сіздің еңбегіңіз", - де жазды ол. Айта кетелік, музыкалық альбомның «платина» деңгейі сатылым мөлшерімен белгіленеді. Мәселен АҚШ-та бұл деңгей 1 млн сатылымнан басталса, Ресейде 100 мыңдық сатылыммен өлшенеді.