©
Жайық өзеніндегі балықтардың қырылуы "Атырау су арнасы" кәсіпорнының өзенге хлорлы су ағызуының салдарынан болған. Қазір осы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. Қатысушылар іс материалдарымен танысып жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінен мәлім етті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Мекеме директоры және оның орынбасары, станция бастығы ҚР қылмыстық кодексінің 328 бабы 3 бөлімімен 3-бөлімі (судың үстіңгі қабатын ластау, соның салдарынан қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян тигізу) және ҚК 204-бабы, 2-бөлімі (бөтеннің мүлкін жою, аса ірі мөлшерде зиян келтіру) бойынша күдікті деп танылды", - деп атап өтті министрліктегілер. Сондай-ақ кәсіпорын басшысына қатысты ҚК 371-бабы (ұқыпсыздық) бойынша қосымша қылмыстық іс тіркелді. Енді қылмыстық іс сотқа жолданады. Айта кетелік, Жайықтағы балықтардың жаппай қырылу фактісі бойынша Атырау облыстық полиция департаменті 2 қылмыстық істі тіркеп, олар ҚР ІІМ тергеу департаментіне берген еді.