Аптаның бірінші күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аппараттық жиын өтті.
Басқосуда аудан әкімі Ж. Айтуаров аудан әкімінің аппарат басшысы болып тағайындалған А. Аққұловты өлкеміздің өркендеуіне өзіндік үлесін қосады деп үлкен сенім артты. Одан соң күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, талқыланды. Үстірт жазығындағы ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кеңсесін құру және қысқы маусымға мал азығын дайындау, шаруасын шалқытып, тұрғындарды табиғи азық-түлікпен, ауыл-аймақты арзан бағадағы шөппен қамтамасыз етіп отырған ағайынға қолдау көрсету туралы ауылшаруашылық және ветеренария бөлімінің басшысы Б.Әбуов, күзі-қысқы жылу маусымына дайындық жұмыстары жөнінде тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы А.Қалиев баяндамасы тыңдалды. Биылғы жылғы айтулы мерекелердің бірі Шетпе селосының 50 жылдығына орай жоспарланған шаралар мен атқарылған жұмыстар жөнінде Шетпе селосының әкімі М.Мүтәллапов пен Ішкі саясат бөлімінің А.Ауданбаева тоқталды.
Г. ШЫҢДЫБАЕВА