2016 жылы қала прокуратурасымен 11 кәсіпорындағы 511 жұмысшының 232 миллион теңге жалақысы өндірілген. Қазіргі таңда 119 жұмысшы алдында 42 миллион теңге қарызы бар алты кәсіпорын анықталған.
-Алты кәсіпорынның екеуі алдағы уақытта жұмыстарын жалғастыратындарын айтып, жалақыны төлеуге уақыт бере тұруын сұрады. Қалған төрт кәсіпорын жұмыстарын жалғастыра алмайтындықтарын мәлімдеді. Олардың есепшоттары мен мүлкі тәркіленді. Кейбір жылжымайтын мүліктері аукционға шығарылды,-дейді қала прокуроры Марат Тойжан.
Бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі салымшылардың құқықтарын қорғау болып отыр. 2016 жылы 3 объект бойынша 314 салымшының, аяқталу сатысындағы 2 объект бойынша 87 салымшының мәселелері толықтай шешімін тапқан.
Венера МИРЛАН