Ақтау қаласы бойынша алимент төлеуден бас тартқан 21 әке қылмыстық жауапкершілікке және 45 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 33 борышкер әке жұмыссыздар есебіне тіркеліп, олардың 3-і бүгінгі таңда жұмыспен қамтылған.
-Көбіне борышты әкелер ақша төлемеу үшін жұмыс жоқ деп сылтау айтып жатады. Алайда, жұмыс жасап, еңбек етемін деген жұмыс жоқ емес бар. Бірақ, олардың өздері ақша төлемеу үшін көп жағдайда жалған сөйлейді. Міне, осындай 33 борышкерді есепке алып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мамандарымен бірлесіп, үшеуін қызметке орналастырдық. Енді, олар жалақысын алған сайын қарыздарын өтеп отыратын болады. Жалпы өткен жылы сегіз балаға қатысты 1 млн. 770 мың теңге көлеміндегі алимент өндірілді. Атқару санкциясы, сот шығындары және қылмыстық істер бойынша прокурор талап арызы негізінде мемлекет пайдасына 262 млн.теңге өндірілген болатын. Осы салада барлығы 113 тексеру жүргізіліп, нақты шара алумен 79 ұсыныс, 27 наразылық қаралды. 14 сот орындаушы тәртіптік және 74 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды,-дейді қала прокуроры Марат Тойжан.
Венера МИРЛАН
Сурет интернет беттерінен алынды