Ақтау қаласы прокуратурасының бастамасымен «Маңғыстау құмар ойынсыз» жобасы нәтижелі жүзеге асырылуда. Жоба аясында 40 заңсыз ойын ұйымдарының қызметі тоқтатылып, 19 тұлға ойын автоматтарын тәркілеумен әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.
Сонымен қатар биылдан бастап аймақта «Мүгедектің мүмкіндігі шексіз» және «Нашақорлыққа тосқауыл» жобалары жүзеге аспақ. Жобаны әкімдікпен, қызығушылық танытқан мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен, үкіметтік емес мекемелермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесіп іске асыру жоспарланған.
- Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, уәкілетті органдармен жер заңнамасының қолданылуы және бюджет қаражатын тиімді пайдалану мәселелері тұрақты түрде талдануда. Жасөспірімдердің және халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобының құқықтарын қорғау мақсатында мемлекеттік органдардың қызметіне ұдайы талдау жасалып отырады. Талдау қорытындысында анықталғандай, заңмен тұрғындардың бұл бөлігінің құқықтарына кепілдік берілгенімен, мемлекеттік органдар мүгедектердің құқықтарының қорғалуына аса мән бермейді. Өкінішке орай, физикалық мүмкіндігі шектеулі жандар (халықтың 5% жуығы) жұмыспен қамту мәселесін айтпағанның өзінде, заңмен кепілдік берілген қарапайым мемлекеттік қызметтерге мәселен, қоғамдық көлік, дүкендер, мемлекеттік мекемелердің ғимараттары және т.б.қол жеткізе алмауда. Сондықтан да біз өңірде осындай екі жобаны жүзеге асыруды қолға алдық. Барлық тұрғындарды белсене атсалысуға шақырамыз,-дейді қала прокуроры Марат Тойжан.
Венера МИРЛАН
Суреттер интернет беттерінен алынды