И.Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі Елшісі болып тағайындалды
[ 2017 ] 3 ақпан, 14:24 | Жаңалықтар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов қызметінен босатылды
Ол Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Baq.kz.
Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Мемлекет басшысы республикалық телеарнадан жасаған мәлімдемесінде айтып өтті.
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов 1956 жылы 9 желтоқсанда Гурьев облысында дүниеге келген.
1991 жылдан - ҚР Жастар ісі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы.
1993 жылдан - ҚР Президентінің көмекшісі.
1995 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
1997 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Білім және мәдениет министрі.
1997 жылдан - ҚР Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің меңгерушісі.
1998 жылдан - ҚР Президентінің Бірінші көмекшісі.
1999 жылдан - Атырау облысының әкімі.
2000 жылдан - ҚР Премьер-министрінің орынбасары.
2002 жылдан - ҚР Премьер-министрі.
2003 жылдан - ҚР Мемлекеттік хатшысы.
2004 жылы ҚР Президент Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.
2004 жылдың желтоқсан айынан 2008 жылдың сәуіріне дейін - Алматы қаласының әкімі.
2008 жылғы сәуір айынан бастап - Астана қаласының әкімі.
2014 жылдың қазан айынан бастап ҚР Қорғаныс министрі.
2016 жылғы 13 қыркүйек айынан бастап ҚР Премьер-министрінің орынбасары болып тағайындалды.
1327
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.