©
Ақтауда үш баланы сату туралы хабарлама жалған болып шықты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты 24.kz арнасына сілтеме жасап. Бұған дейін жарнамалық сайттардың бірінде кәмелетке толмаған үш баланың 100 миллион теңгеге сатылатыны туралы хабарлама шыққан еді. Жарнама үш баланың суретімен бірге 27 мамыр күні сағат 13.18-де ұялы телефон арқылы жарияланған. Артынша хабарландыру алынып тасталған. [caption id="attachment_80267" align="aligncenter" width="705"] Сурет tumba.kz сайтынан[/caption] Әлеуметтік желіде жарияланған ақпарды шұғыл зерттеген полицейлер оның жалған екенін анықтады. Хабарландыруды 10 жастағы жеткіншек жариялапты. Бұл туралы оның ата-анасы білмеген. Полицейлер өз бауырларын сатамын деп қалжыңдап, әлеуметтік желіні шулатқан баланың ата-анасымен сөйлесті. Оларға балалардың сабақтан бос уақытында немен айналасып жүргенін қадағалауды ескертті.