©
Маңғыстаулық полицейлер Басқұдық ауылындағы үйлердің бірінен жалпы салмағы 127 келі бекіре тұқымдас балық тәркіледі, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "13 мамыр 2019 жылы сағат 17:00 шамасында Полиция департаментінің ЖПҚ Табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері тексеру барысында Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылының үйлердің бірінен жалпы салмағы 127 келі құрайтын 48 дана бекіре тұқымдас балық тәркіленді", - делінген хабарламада. Аталған дерек Мұнайлы ауданы ПБ сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тзіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы бойынша тіркелді. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Сурет сайттың архивінен