©
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңір жұртшылығын мұсылман қауымы үшін қасиетті саналатын рамазан айының басталуымен құттықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Адамның бойындағы иман байлығын еселеп, рухани түлеу мен ізгілікке, адамгершілікке, сабыр мен төзімділікке тәрбиелейтін, сауапты іс жасауға құлшындыратын айдың шапағаты мен берекесі мол болсын! Рамазан айында әлсіз жандарға қамқор болып, қайырымдылық пен жақсылық жасағандардың сауабы еселенеді. Адамзатты ынтымақ пен бірлікке, бейбітшілікке шақыратын рамазан айы мүбәрак болсын, қадірлі әлеумет! Ұстаған оразаларыңыз, берген пітір-садақаларыңыз бен дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!" - делінген облыс басшысының құттықтауында.