©
«Огни Мангистау» қоғамдық-саяси газетінің редакторы болып Марина Сисенқызы Қалағанова тағайындалды. Газеттің редакторын ұжымның жиналысында «Маңғыстау-медиа» ЖШС директоры Айсұлу Дүтбаева таныстырды. Марина Сисенқызы 1992 жылы Астрахань педагогикалық институтын «тарих және құқық» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын тарих пәнінің мұғалімі ретінде бастаған. 1994-2002 жылдар арасында Маңғыстау облыстық тарихи өлкетану музейінде тарих бөлімінің қызметкері, одан кейін экскурсия бөлімінің меңгерушісі болып қызмет еткен. 2002-2012 жылдар аралығында Ш.Есенов атындағы КМТжИ университетінде аға оқытушы болып жасады. Журналистика саласында 2013 жылдан бері қызмет етеді. 2013 жылы «Маңғыстау-медиа» ЖШС құрамына кірген қалалық «Ақтау-ақпарат» газетінде жасаса, 2014 жылдан бері облыстық «Огни Мангистау» газетінің белді журналисі. Айта кетелік, бұған дейін газеттің редакторы болып қызмет еткен Наталья Бутырина жұмыстан отбасылық жағдайына байланысты өз еркімен босаған. Сондай-ақ жиналыста «Маңғыстау-медиа» ЖШС-нің алға қойған жоспарлары мен міндеттері талқыланып, ұжым қызметкерлері өз ойларын ортаға салды. Қазір екінші жартыжылдыққа газетке жазылу жүріп жатыр. Айта кетелік, медиа холдинг құрамына облыстық «Маңғыстау» және «Огни Мангистау» газеті кіреді. Аптасына үш рет шығатын бұл газеттер Маңғыстаудың түкпір-түкпіріндегі жаңалық пен жұртшылықтың хал-ахуалын назарынан тыс қалдырмай келеді. Сондай-ақ облыстың барлық аудан, қалаларының да төл басылымдары бар. Мәселен қалалық «Жаңаөзен», Маңғыстау аудандық «Жаңа өмір», Бейнеу аудандық «Рауан», Түпқараған аудандық «Ақкетік арайы», Қарақия аудандық «Қарақия», Мұнайлы аудандық «Мұнайлы» газеттері қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерге дер кезінде үн қосып келеді. Газет тілшілері халықтың талап-тілегін ескеріп, жақсылығына сүйсініп, өтініштерін тиісті орындарға жеткізуге ықпал етіп жүр. «Маңғыстау-медиа» ұжымы оқырмандардың өзі сүйікті басылымдарына ұйымшылдықпен жазылатынына сенім артады.Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="78434,78435,78439,78433,78432"]