©
Ақтауда е.openmangystau.kz порталы арқылы балабақшаға кезекке қою Техникалық ақауларға байланысты уақытша тоқтатылды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласының әкімдігііне сілтеме жасап. "Кезекке қою egov.kz «Электрондық үкімет» порталы арқылы жалғасады", - деп мәлімдеді әкімдіктегілер. egov.kz порталы арқылы балабақшаға кезекке тұруға, е.openmangystau.kz жүйесінде жолдаманы алуға және кезекті қарауға болады. "egov.kz «Электрондық үкімет» порталы және е.openmangystau.kz жүйесіне жеке электронды цифрлық кілт (ЭЦҚ) көмегімен кіру қажет. Кезегі келген ата-аналарға жолдаманы қабылдау жөнінде ұялы телефондарыңызға sms-хабарлама жіберіледі", - делінген хабарламада. Әкімдік жолдаманы үш күн ішінде қабылдамаған жағдайда автоматты түрде бұғатталатынын және кезектегі басқа ата-аналарға қолжетімді болатынын ескертеді.