18 наурыз күні Ақтау қаласындағы букмекерлік кеңсеге қаруланған белгісіз екі тұлға шабуыл жасады. Күдіктілер кеңсе қызметкерін қарумен қорқытып, 130 мың теңге ақшалай қаражатты алып, қашып кеткен, – деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Қылмыстық жағдай 6 шағынауданындағы букмекерлік кеңсенің бірінде сағат 07:20 болған. Полиция департаментіне сағат 13:15 шамасында букмекерлік кеңсеге маска киген екі азаматтың кіргені жөнінде хабарлама түскен. Қазір күдіктілер - Ақтау қаласының уақытша ұстау изоляторында. https://www.youtube.com/watch?v=WbneA6z3O4w «Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында күдікті тұлғаларды Маңғыстау облысының ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері ұстады. Қару-жарақтары тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды», - деп мәлімдеді Маңғыстау облысы полиция басқарамасының қызметі.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА