©
Ақпараттық технологияларды пайдаланып құқық бұзудың алдын алу үшін Маңғыстау облыстық полиция департаменті «Hі-tech» жедел-профилактиқалық іс-шарасын өткізді. 19-20 ақпан күні аймақта бірнеше заңбұзушылық анықталып, шара қолданылған. Бұл жөнінде МО ПД баспасөз қызметі хабарлады. Атап айтқанда, 06.01.2019 жылы сағат 15:15 шамасында Ақтау қаласынан ғаламтор желісі арқылы пәтер іздеу туралы сұраныс жіберіп отырған азаматтың жеке телефонына белгісіз тұлға ғаламтор байланысқа шығады. Ақтау қаласы 26 шағынауданда орналасқан пәтерін 60 000 теңгеге жалға беретінін айтып, «Qiwi» терминалы арқылы сол соманы салдыртып, алдап кеткен. Осы дерек бойыша күдікті тұлға анықталып ұсталып, өз кінәсін толықтай мойындаған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Шара барысында Жаңаөзен қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция мен анықтау бөлімдерінің қызметкерлерімен бірлесе бұрын болған алаяқтық дерегі де ашылған. Яғни 2018 жылы 26 қаңтарда ер адам «SOFITA» ЖШС-нен несиеге жалпы сомасы 150.000 теңге құрайтын ақшаны заңсыз иемденіп алып, қылмыс болған жерден бой тасалап кеткен. Дегенмен бұл дерек бойынша күдікті анықталып, қолға түскен. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жаңаөзен қаласы ПБ КПБ-нің қызметкерлері бұрын болған алаяқтық дерегін де ашты. 2015 жылы «Koлеса.kz» сайтына арзан бағамен автокөлік моторларын сату туралы жалған жарнама орнатылған. Күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, жалпы сомасы 182.000 теңге ақшасын заңсыз иемденіп алған. Күдікті қолға түсіп, аталған дерек ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелген. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр. «Тағы бір дерек Маңғыстау ауданы полиция бөлімінде тіркелді. 19.02.2019 жылы сағат 15:30 шамасында Шетпе селосының базарында орналасқан бутик иесі, ауыл тұрғыны 2 000 теңгеге 4 дана әртүрлі әуен жазылған дискі сатқаны үшін ұсталды. Тінту кезінде 84 дана осындай дискі табылып, айғақ зат ретінде тәркіленіп алынды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 198-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді ПД баспасөз қызметі.