Ақтауда қадағалаусыз жүрген 7 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Олар 2019 жылдың 7-9 ақпан аралығында өткен "Қолайсыз отбасы" жедел-профилактикалық шара кезінде ұсталған. Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алу кәмелетке толмағандардың алкогольдік ішімдікті және темекі өнімдерін сатып алуы мен көңіл көтеру мекемелерінде түнде қадағалаусыз жүруін болдырмау, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. Ақтау қаласы Полиция басқармасына шара кезінде барлығы 56 тұлға жеткізілді. Оның ішінде 14-і әкімшілік құқықбұзушылық жасағандар. Қадағалаусыз жүрген 7 жасөспірім Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылған. Шаһарда 8 ақпан күні түнгі сағат 2:00 шамасында 11 шағынауданда орналасқан кафені тексеру барысында 2002 жылғы кәмелет жасына толмаған жасөспірімдердің заңды өкілсіз жүргені анықталған. Сағат 22:00-ден кейін заңды өкілдің еріп жүруінсіз ойын-сауық орталығында болғаны үшін олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 442-1 бабымен әкімшілік хаттама толтырылды. Кафе әкімшісіне де кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемесінде болуына жол бергені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 132 бабының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылған. ҚР ӘҚБтК-нің баптарына сәйкес 42 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 128-бабы 1 бөлігі, 505-бабы 1-бөлігі, 440-бабы 2-бөлігі, 441-бабы 1-бөлігі, 442-бабы 2 бөлігі, 408-бабы 2-бөлігі, 132-бабы 1-бөлігі, 442-бабы 1-бөлігі. Бұл жүргізілген іс-шарада барлығы 18 тұлға есепке алынды. Атап айтсақ 1 жасөспірім мен 17 қолайсыз отбасы. «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы» заңына сәйкес ұйымдастырылған іс-шаралар бойынша алкогольдік ішімдік ішіп, отбасында жанжал шығарып, берекесін алып отырған тұлғалар анықталды. Оларға қарсы 1 қорғау нұсқамасы қойылған. Сонымен қатар Білім беру ұйымдарында «Ішімдіктің зияны туралы» «Әлімжеттік жасап, ақша бопсалау» тақырыбында профилактикалық жиналыс өткен. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында Полиция басқармасы білім беру ұйымдарымен бірлесіп «Құқықбұзушылықтың алдын алу», «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты құқықтық тақырыптарға дәрістер оқыған.
Суретті Полиция басқармасы ұсынды