©
2018 жылы қыркүйекте «Астана банкі» АҚ банктік және өзге де операцияларды жүргізуге арналған лицензиясынан айырылғанын хабарлағанбыз. Сол тұста банкте 275 мың салымшының 40 млрд-қа жуық қаржысы қалған. Қаңтардың 26-сынан бастап бұл қаржы салымышыларға қайтарыла бастайды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде «Евразиялық банкі» филиалының директоры Жұмағазин Ербол мәлімдеді.
Банк директорының айтуынша, өтеуді төлеу бойынша агент ретінде "Еуразиялық банкті" таңдаған. "Бөлінген қаражат көлемі - 40 миллиард теңге барлық салымшылар алдындағы міндеттемені орындау үшін жеткілікті деп жоспарлануда. Мәселен, теңгедегі салымдар бойынша өтеудің ең жоғары сомасы 10 миллион теңге, шетел валютасымен — 5 миллион теңге, ал егер салымшының таратылатын банкте теңгемен және шетел валютасымен бірнеше депозиттері бар болса, жиынтығында 15 миллион теңге ала алады. Шот бойынша төлемді еліміз бойынша Астана Банкінің 275 мың салымшысы алады. 26 және 27 қаңтарда банктің барлық қызметкерлері тұрақталмаған кесте бойынша жұмыс істейтін болады. Банк процесті барынша автоматтандырды. Бұл бір адамға 10-15 минут ішінде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді", - дейді филиал басшысы.
Банк салымшылары аталған күндері Еуразия банкі нүктелеріне баруына болады.