ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматы қаласында жүргізген арнайы операцияның видеосын жариялады. Осылайша Таяу Шығыс елдеріне әскери авиатехниканы заңсыз жеткізу арнасының жолы кесілген, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Алынған мәліметтер бойынша ҚР азаматтары құрамындағы қылмыстық топ елімізден бірқатар шет мемлекеттердің әскери әуе кемелерінде орналастырылатын авиациялық жабдықтарды елімізден заңсыз алып шығуды көздеген", - делінген ҰҚК баспасөз қызметінің хабарламасында.
Заңсыз келісім жалпы саны 122 мыңнан астам АҚШ долларын құраған.
ҰҚК 16 қаңтарда жүрген тергеу шаралары барысында күдіктілерден жөнелтуге дайындалған әскери бұйымдар жиынтық блогымен алған. Аталған әрекетке қатыстылар ұсталды.
https://www.youtube.com/watch?v=VxgfHY_bXLMҚазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 286 бабы 2 бөлігімен қылмыстық іс тіркелген.
Алматы қаласының мамандандырылған соты күдіктілерді ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторына жабу үшін қамауға алу туралы санкция берген.
Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.