©
Маңғыстау облысында екі жігітті атып кеткен. Олардың бірі 1990 жылы туса, екіншісі - 1993 жылы туған азамат. Оқиға кеше 14 қаңтар Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының қиылысындағы дүкеннің жанында сағат 20.00 шамасында болған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты. "Маңғыстау облыстық ауруханасына сағат 20.10 шамасында жарақат алған екі адамның денесі жеткізілді. Жүрегінің тоқтаған уақытын анықтау мүмкін болмағандықтан дәрігерлер шұғыл түрде жан сақтау шараларын жасады. Өкінішке орай, екеуін де аман алып қалу мүмкін болмады", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметкері Азамат Сәрсенбаев.Олардың біреуі кеуде қуысының оң жақ бөлігінің жоғары тұсынан бытыра тиген. Екіншісі кеуде қуысының сол жақ бөлігінің бүйір тұсынан оқ жарақатын алған.
Айта кетелік, бүгін желіде әлдекімдердің жарақаттанған екі жігітті жигули маркалы көлігімен аурухананың қабылдау бөліміне әкелген видеосы тарап кетті.
https://www.youtube.com/watch?v=u4Ps8sZIYmQ&feature=youtu.be "2019 жылғы 14 қаңтар күні Мұнайлы ауданының кезекші бөліміне екі ер адамның қарудан жарақат алып, Маңғыстау облыстық ауруханасына түсіп, естерін жимастан қайтыс болғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер. Аталған дерек Ақтау қаласы Полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне ҚР ҚК-нің 99-бабы (адам өлтіру) бойынша тіркелді. Қазір осы оқиғаға байланысты күдікті ретінде екі азамат ұсталған. Қалған күдіктілер анықталып, оларды ұстауға шаралар қабылданды. Қажетті сараптамалар тағайындалған. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Скриншот видеодан алынды