10 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы, соның ішінде Атырау, Ақтау және Ақтөбе гарнизондарындағы әскери қызметшілер мамандық бойынша емтихан тапсырды. Бұл даярлық сабаққа 22 мамандық бойынша 400-ге жуық инструктор-мамандар іріктеліп, тәжірибелі офицерлер мен сержанттар қатысты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жүргізілген даярлыққа автомобильді техниканың мен жүргізушілер, броньды танктің жүргізушілері, техниканың көздеуші операторлар қатысты. Сонымен қатар артиллерияшылар және барлау бөлімшелерінің мамандары да болды. Олар әртүрлі оқ-дәрілерді дұрыс пайдалуды, техника мен мүлікті қолдану қағидалары мен тәсілдерін үйренді.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="69113,69114"]1 айға созылған арнайы дайындық соңында, әскери қызметшілерінің үздіктері анықталды. Кіші сержант Эльдар Бузруков «Үздік бөлімше командирі» атанса, ал сержант Жалғас Адилов «Үздік танк командирі» болды. Сондай-ақ қатардағы жауынгер Александр Славский «Үздік нұсқаушы-оператор» және Радмир Алисанов «Үздік жүргізуші» атағын алды. Ал Иван Зелинский «Үздік гранатаатқыш» марапатын иеленді.
Бұл іс-шараның мақсаты «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің айтуынша, әскери қызметшілердің лауазымдық және арнайы міндеттерін орындай білу шеберліктері мен дәрежесін айқындау.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суретті «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі ұсынды