Кеше Ақтауда Маңғыстаудың мәдениет саласына үлес қосып жүрген бір топ мамандар марапатталды. "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен, Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен, облыс әкімінің алғыс хатымен, мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты бірқатар қызметкерлерге берілді. Салтанатты шара «Абай» атындағы мәдени-демалыс кешенінде өтті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68494,68492,68489,68486,68484,68483,68481"]Атап айтсақ, жиылыста "Мәдениет саласының үздігі" төсбелгісімен Гүлжамал Ербозова, Марат Ордабаев, Нұрболат Нұрдәулетұлы марапатталды.
Гүлжамал Ербозава - М. Өскінбаев атындағы МО филармониясының ұлт аспаптар оркестірінің аспапшысы. Көрермендерге 2001 жылы оркестрмен жеке концертін берді. 2003 жылы VI Халықаралық "Шабыт" фестивалінің дипломанты атанған. 2011 жылы Астанада өңіріміздің мәдениет күндерін ұйымдастырып, өткізгені үшін Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатын алған. Біршама республикалық фестиваль-конкурстарға жүлдегерлерді дайындаған. Қыл қобызда қазақтың күйлерін орындап, шетелдіктерге ұлтымыздың рухани құндылығын насихаттап жүр.
Ал, Марат Ордабаев 1988 жылы жыр-термені, соның ішінде Сүгір Бегендікұлының термесін эстрадаға бейімдеген. Бұл қазақ музыка өнерінде жаңа құбылыс еді. Ол термені Қыдырәлі Болманов Америкада орындап, бас жүлдені алған. Шәкірті елімізге белгілі әнші Ақылбек Жеменей. Қазір М. Ордабаев - Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылында №9 мектептің музыка пәнінің мұғалімі.
Нұрболат Нұрдәулетұлы - "Өрлеу" МКҚК жанындағы Қосбұлақ селолық клубының меңгерушісі. Ол бұған дейін "Жылдың үздік театр актері", 2006 жылы облыстың "Жыл адамы", "Үздік мәдениет қызметкері" марапаттарын иеленген. 1987 жылдан бастап халық театрында әртіс бола жүріп, "Әке мен бала", "Күшік күйеу", "Кімнің тойы", "Жоғалған адам", "Алтын табақтағы жылан" спектакльдерде ойнаған. Халықаралық және республикалық фестивальдердің жүлдегері.
Мәдениет және спорт министрлігінің Құрмет грамотасымен марапатталған Жаңылсын Мужиева Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, "Дәстүрлі орындаушы" мамандығын тәмәмдаған. Өңіріміздің мәдениет саласына үлес қосқан, бұған дейін халықаралық конференция және өнер фестивалінің дипломы мен біршама алғыс хаттарды иеленген. Қазір М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы директорының шығармашылық жөніндегі орынбасары.
Сонымен қатар Жадыра Аксенбай, Айман Яриханова, Райхан Нағашыбаева, Мария Амангужиева, Жамилә Қоянбаева және М. Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясының әртіс аспапшысы мен әншілері облыс әкімінің алғыс хатын иеленді. Дәл сондай марапатты Айнаш Есенова, Иманәлі Айтқұлов, Мария Идимова, сондай-ақ МО тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері Нұргүл Дабысова мен Алия Наушабаева алды.
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="68519,68518,68517,68516,68514"]Сондай-ақ Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығының мамандары Гүлчехра Қаржауова, Жазира Болджанова, Гүлсім Мустажаева, Гамар Агаева мен Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драмма тетрында жұмыс атқаратын Сәуле Жумагалиева, Бақтыгүл Айтекенова, Нысангали Қаниевке Мәдениет басқармасы басшысының алғыс хаты берілді.
Айта кетелік, Мәдениет саласының қызметкерлері жаңа жылдық отырыстан бас тартып, әлеуметтік жағдайы нашар 4 отбасыға сыйлық табыстап, 50 мың теңге ақша берді.
Ақкенже БЕРКЕНОВА
Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН