«Азаматтарға арналғанүкімет» мемлекеттік корпорациясы мамандандырылған ХҚКО-да автокөлікті бір сағат ішінде тіркеуге (бұрын 2 сағаттан көп уақыт кететін) мүмкіндік беретін пилотық жобаны іске қосты. Уақытты қысқарту мамандандырылған ХҚКО инспекторлары ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті мен ҚР Қаржы министрлігінің ақпараттық жүйелеріне түзету құқығынсыз кіру мүмкіндігін алғаннан кейін мүмкін болып отыр.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Данияр Еренчиновтің айтуынша, бұрын көлік иелері 40 минуттан аса уақытын тиісті мамандарда айыппұлдар мен салықтар төлеуге жұмсайтын.
«Жобаны іске қосқанға дейін мамандандырылған ХҚКО-ға келген клиент 3 электрондық кезек талонын алатын. Бірі – айыппұлдарды тексеру үшін әкімшілік полициясы қызметкеріне, екіншісі – салық төлемдерін тексеру үшін салық қызметкеріне, үшіншісі – толық құжаттар топтамасын өткізу үшін - ХҚКО қызметкеріне болатын. Бұл ретте, егер азаматтың төленбеген айыппұлдары мен салықтары бар болса, оны төлеу үшін кассаға бөлек кезекке тұратын. Енді мемлекеттік корпорация қызметкері клиенттің автокөлігіне айыппұлдары немесе салық берешектері бар-жоғын өзбетінше тексере алады. Егер бар болса, электрондық үкімет порталының төлем шлюзі арқылы карточкамен төлеуге болады немесе мамандандырылған ХҚКО ғимаратында орналасқан банк кассалары арқылы төлей алады», - дейді ол.
Сонымен қатар, Еренчинов пилоттық жобаны тестілеу кезінде қызмет көрсету уақыты ХҚКО инспекторына құжаттар топтамасының толық тізімін өткізген сәттен бастап емес, ақпараттық-анықтама қызметінің кеңесшісінен талон алған сәттен бастап 1 сағат уақытты құрайтынын қоса айтты.
Көлікті қайта тіркеу мемлекеттік қызметінің мерзімін сақтауды, уақыттың әрбір бұзылуын есепке алатын ситациялық орталықтың мамандары қадағалап отырады. Құжаттар мерзімі бұзылған жағдайда, оның себебін анықтап, алдағы уақытта бұзушылыққа жолбермеу шараларын қабылдайды.
Айтакетсек, мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары Қазақстанның Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Тараз, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Ақтөбе, Қостанай - 11 қаласында жұмыс істейді. Жылбасынан бері мамандандырылған ХҚКО-ларда көліктерді қайта тіркеу қызметтерін 435 706 қазақстандық пайдаланған.