©
Полицейлерді кезектен тыс аттестаттау 2019 жылдың 1 шілдесінде өткізілмек. Бұл Президенттің ҚР ішкі істер органдарының полиция қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттаудан өткізу туралы жарлығының жобасында айтылған. Жобаны ашық НҚА сайтында ҚР ІІМ жариялаған. Қоғамдық талқылау 2019 жылдың 8 қаңтарына дейін жүреді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Арнайы құрылған комиссия полицейлердің лауазымдық міндеттерін орындау деңгейін анықтайды. Атқаратын лауазымына сәйкес келмегендердің лауазымы төмендетіледі немесе жұмыстан босатылады.
Комиссияның төрағасы ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысы болса, комиссия құрамына Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі, прокуратура, ҰӨК, ІІМ өкілдері енген.
Аттестаттау бірнеше кезеңнен тұрады:
Аттестаттауға жүктілігі және бала күтіміне байланысты демалысы кезеңіндегі әйелдер қатыспайды. Ал оқу орындарында біліп алып жатқан полицейлер жұмысқа шыққаннан кейін аттестатталады.
Қазақстан полицейлерінің аттестаттаудан өтетіні туралв Президент Нұрсұлтан Назарбаев қараша айында мәлімдеген болатын. Мемлекет басшысы заманауи стандарттарға сай қызметкерлер ғана қалып, сынақтан өтпегендердің орнына жаңа қызметкерлер алынатынын айтқан еді.
Қазақстан полициясын аттестаттау 2012 жылдан бері тұрақты өтіп келеді. Сол кезде 75 мың полицейдің 90 пайызы сынақтан өткен.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Көрнекі сурет сайт архивінен