©
Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов Орталық коммуникациялар қызметінде берген сұқбатында Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып інісінің тағайындалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Брифингте «Информбюро» тілшісі Данияр Әділбеков «Ініңіз Марат Тоғжанов Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. Бұл тағайындауға сіздің қандай да бір қатысыңыз бар ма?» деп сұрады.
«Оның (Марат Тоғжановтың - ред.) ол қызметке тағайындалуына ешқандай қатысым жоқ», - деді Е.Тоғжанов.
Осыған ұқсас сұрақты tengrinews.kz тілшісі Ботагөз Айтжанова да қойды.
«Ініңіздің жетістігіне қуаныштысыз ба? Бұған дейін кәсіподақ жұмысымен айналысты. Сондай-ақ неге фамилияларыңыз әр түрлі?» - деді ол.
«Тегіміз де, ата-анамыз да бір (күліп). Ол үшін қуаныштымын, ол аудан әкімі, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Оның жаңа қызметке тағайындалуы Ақтөбе облысының әкімінің шешімі деп ойлаймын, сұрағыңызды сонда жолдауыңызға болады», - деп жауап берді Маңғыстау облысының әкімі Е.Тоғжанов.
Суретті Орталық коммуникациялар қызметі ұсынды