©
16 қараша күні Жаңаөзен қаласында табиғи газ салдарынан жеке тұрғын үй жарылғанын хабарлағанбыз. Бүгін осы мәселеге қатысты құзырлы орын басшылары мен өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті. Оған Жаңаөзен қаласының әкімі, қалалық ауруханының бас дәрігері, облыстық ТЖД, «ҚазТрансГазАймақ» мекемісінің өкілдері мен зардап шегуші жанұяның мүшелрі қатысты.
Қала басшысы Әділбек Дауылбаевтың айтуынша, оқиға болған күні арнайы комиссия құрылып, сот сараптамасы басталған. Зардап шеккен жанұяға барлық көмек көрсетіліп, жаңа баспанамен қамтылатынын айтты.
https://www.youtube.com/watch?v=TvkvspSf9ys«Қазіргі таңда бұл болған жағдайға байланысты комиссия құрылып, жұмысын атқарып жатыр. Оқиғаның негізгі себептерін сол комиссия қорытындыларын негізге ала отырып хабарлаймыз. Сот сараптамасына жіберілді, ол белгілі уақытты қажет етеді. Тиісті шешімдер де сараптама нәтижесінде қабылданатын болады. Оқиға болған күні хабар келген соң тиісті жауапты мамандар бірден сол жерден табылды. Атап айтар болсақ, менің екі орынбасарым Сағынбаев Исахан, Ғалым Байжанов деген азаматтар, төтенше жағдай қызметкерлері болып, алғашқы көмектерді көрсетіп, үйдің астында қалып қойған адамдарды шығаруға септігін тигізді. Комиссияның шешімін күтіп отырмай, көмектесу шаралары жүргізілді, қажетті көмектер белгіленді. Ол жанұяға уақытша үй беруді шешкенбіз. Бірақ олар мүмкіндігінше тұрақты үймен қамтуды сұраған соң, сол шешімге тоқтадық. Одан басқа психологиялық, моральдық көмектерді де, азық-түлік, қажетті заттарына жергілікті билік қол ұшын созуға дайын. Зардап шегушілер ауруханаларға жатқызылды, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бақылауында. Қажетті дәрігерлерді, мамандарды басқа өңірден алдыруға да дайынбыз», - деді ол.
Ал жарылыстан зардап шеккендердің жағдайы жөнінде қалалық аурухананың бас дәрігері Мұрат Сариев баяндады.
https://www.youtube.com/watch?v=osjGNY9437w&t=13s«16 қараша күні 16:40-та біздің орталық аурухананың қабылдау бөліміне Жедел жәрдем станциясының көмегімен 3 адам жеткізілді. Біріншісі – Күмісбаева Ханым, 1962 жылы дүниеге келген. Түскендегі диагнозы - жабық ми бөлігінің жарақаты, тыныс алу жолдарының нашарлауы және аяқ-қол сүйектерінің сынығы бар, денесінің 20-22 % күйік шалған. Түскен соң өкпесіне жасанды тыныс алдыру жасалды. Жағдайы қалыпты ауыр. Кеше облыстық аурухана мамандарымыен консилиум жасалды. Бүгінгі таңда гемодинамиксі тұрақты. Ертең бәрі жақсы болса, облыстық ауруханаға ауыстыруға жұмыстанып жатырмыз.
Екіншісі – Берік, 1989 жылы туылған. Денесіндегі күйік 54-56 %. Бір тәуліктен кейін, 17 қарашада облыстық ауруханаға санавиация көмегімен ауыстырдық. Қазір жағдайы бірқалыпты.
Үшінші – Жақсыбай, 1999 жылы дүниеге келген. Бас сүйегінің жарақаты, ми шайқалу бойынша жарақат бөліміне түсті. Қазір үйге шығарылды, амбулаториялық ем қабылдап жатыр», - дейді бас дәрігер.
Теңге БЕКМҰРЗАЕВА