©
Ақтау қаласында жаңадан ашылған Ана мен бала орталығында алғашқы нәресте өмірге келді. Бөбек кеше 31 қазан күні сағат 11.40-та туды. Ұл баланың салмағы - 3 650,0 г, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық перинатальдық орталығына сілтеме жасап.
Жаңа орталықта алғашқы нәрестеден кейін араға 5 минут салып сағат 11.45-те тағы бір ұл дүниеге келді. Оның салмағы - 4000,0 грамм.
[caption id="attachment_64788" align="aligncenter" width="1024"] Сурет Маңғыстау облыстық перинаталдық орталығының фейсбуктегі парақшасынан алынды[/caption]Айта кетелік, облыстық перинаталдық орталығы 31 қазан күні Ана мен бала орталығының жаңа ғимаратына көшкен болатын. Жаңа ғимарат 34 шағынауданда Қан орталығының жанында орналасқан. 4 қабатты ғимаратта әйелдерге арналған неонатология, анестезиология, акушерлік және гинекология бойынша қызмет көрсетіледі. Ана мен бала орталығының аумағы 20 мың шаршы метрге жетеді, аумағы бұрынғы перинатальдық орталықпен салыстырғанда үш есе кең. Мекеме қызметкерлерінің айтуынша, қабылдау және босану бөлімшелері жаңа орталықта штаттық режимде жұмыс істейді.
Маңғыстау облысы бала туу көрсеткіші бойынша соңғы бірнеше жыл бойы республикада Астана қаласынан кейін екінші орында келеді. 2017 жылы 1000 адамға шаққанда 29,74 сәби дүниеге келген.
Перинатальдық орталықтың мәліметінше, бұған дейін пайдаланылып келген 26 шағынаудандағы Маңғыстау облыстық перзентxананың ғимаратында алғашқы нәресте 1993 жылы 26 наурызда дүниеге келген екен. Бүгінге дейін 25 жыл ішінде 160 000 астам сәби туған.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ,
Басты сурет сайттың архивінен