Атырау қаласында 28-29 қазанда ҚР Конфедерация кубогының іріктеу кезеңі өтті. Еркін күрес, дзюдо, грек-рим және таэквондо түрлері бойынша спортшылар өзара бақ сынасты. Маңғыстау облысы дзюдо күресі бойынша өз тобында екінші орынға ие болды. Бұл жөнінде mangystaumedia.kz сайтына МО Дзюдо федерациясы хабарлады.
Қатысушылар 4 топқа бөлініп жарысты. Әр топта 4 өңірдің спортшылары өнер көрсетті. Маңғыстаулықтар сынға түскен С тобында Атырау, Жамбыл облысы мен Алматы қаласы дзюдошылары бар.
Маңғыстау намысын ұлдар арасында Бағдат Ерғазы (73 келі), Эльдар Зайыпханов (90 келі), Айтуар Абдулов (аса ауыр салмақта);
Қыздар арасында Анна Казилина (57 келі), Ақниет Тұрдан (63 келі), Раиса Нұрғазиева (аса ауыр салмақта) қорғады.
-Бұл дзюдо спорты тарихында Маңғыстау облысының конфедерация кубогындағы алғашқы үлкен жетістігі. Бірінші орын – Атырау облысына, екінші орын – Алматы қаласына бұйырды. Әр топтан жеңіске жеткен команда Алматы қаласында өтетін финалдық бәсекеге жолдама алады. Оған біздің топтан Атырау облысы ие болды. Жарысқа қатысуымызға қолдау көрсеткен Маңғыстау облыстық спорт басқармасына, Маңғыстау дзюдо федерациясына алғысымызды білдіреміз, - дейді аға жаттықтырушы Айбек Имашев.
Айта кетейік, Конфедерация кубогының бас жүлде қоры – 25 млн теңге.
Суреттер аға жаттықтырушы Айбек Имашевтан алынды [gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="64626,64625"]