Бүгін түс кезінде «Ақтау» ойын-сауық орталығында өрт оқиғасы орын алды. Сол маңдағы тұрғындар ғимараттың төбесінің түтіндеп жатқанын байқады. Орталық ішіндегілер дер кезінде шығарылғандықтан, ешкім зардап шеккен жоқ.
«16 қазан күні сағат 12:26 шамасында 16 шағынаудан «Ақтау» ойын-сауық орталығында өрт оқиғасы тіркелді. Тілсіз жау ғимараттың шатырындағы сорғыш пен генератордан шыққан. Оқиғаның себебі мен келтірілген шығынды кезекшілер анықтап жатыр. Зардап шеккендер жоқ», - делінген МО ТЖД хабарламасында.
Суреттерді МО ТЖД баспасөз қызметі ұсынды
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="63535,63534,63533,63532"]